AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннис: Қазақстандық қыздар әлем чемпионаты ірікте...

Теннис: Қазақстандық қыздар әлем чемпионаты іріктеу сайысының ширек финалына шықты

Спорт 05.04.2022, 14:47 1,522
Теннис: Қазақстандық қыздар әлем чемпионаты іріктеу сайысының ширек финалына шықты
inform.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Bille Jean King Cup by BNP Paribas (әлем чемпионаты) іріктеу сайысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, жарыстың екінші күні қазақстандықтар D тобында Вьетнам құрамасын ойсырата ұтты.



Бірінші болып Асылжан Арыстанбекова Нго Хонгпен шеберлік байқасты. Тоғызыншы геймде қазақстандық теннисші брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте Асылжан қарсыласына бір ғана гейм ұстатты – 6:1.



Екінші матчта Айя Нұпбай Хунх Нгокты тас-талқан етіп жеңді – 6:0, 6:3.



Содан кейін А.Арыстанбекова Карина Жұмаджановамен бірге жұптық сында 1 сағат 45 минутта Нго Хонг пен Хунх Нгокты тізе бүктірді – 6:4, 4:6, 10:5. Осылайша Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтқан қазақстандық қыздар мерзімінен бұрын іріктеу сайыстарының ширек финалына жолдама алды.



Ертең Қазақстан құрамасы Сингапурмен ойнайды. Бұл матч ел құрамасы үшін ештеңе шешпейді.


Ширек финал жеребесі ертең кешке тартылады. Финалдық кезеңге тек үш команда ғана жолдама алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #теннис #қыздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);