ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Теннис: Қазақстан мен Өзбекстан сынға түседі

Теннис: Қазақстан мен Өзбекстан сынға түседі

Спорт 25.11.2021, 04:00 1,409
Теннис: Қазақстан мен Өзбекстан сынға түседі
inform.kz
«Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан...

«Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалында Қазақстан мен Өзбекстан командалары сынға түседі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап


Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар да, ұлдар да топтық бәсекеде жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алды. Ұлдар таиландтықтардан жеңіліп қалғаннан кейін Иорданиямен матчқа тастүйін дайындықпен шықты. Алдымен орталық кортта өнер көрсеткен Мадияр Тағыбеков Шатара Талялмен бәсекеде ойын тізгінін бірден қолына алды. Қарсыласына бір ғана гейм берген Мадияр айқын басымдылық танытты. Ярослав Пшеничный мен Жабер Амир кездесуінде бірінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Екіншісінде Ярослав еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Жұптық сында да Я.Пшеничный мен М.Тағыбеков қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1, 6:0.


Қыздар арасында қазақстандықтар үндістандықтармен кортқа шықты. Алдымен Эвелина Балаганская Майе Реватхиге есе жіберді – 6:7, 4:6. Дегенмен Ева Корышева Хариташри Векатештен айласын асырып, таразы басын теңестірді – 6:2, 6:4. Соңғы бәсекеде Сабина Шухратова мен Е.Корышева Реватхи мен Векатешті сүріндірді – 6:2, 6:4. Осылайша өз топтарында үздік шыққан қазақстандық ұлдар мен қыздар финалға шығу үшін Өзбекстан құрамасымен таласатын болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.