AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары алғаш рет ж...

Теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік атыс жүргізді

Әлеумет 19.05.2023, 16:00 2,017 Almaty-akshamy
Теңіз жаяу әскерлерінің жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік атыс жүргізді
Сурет: Министрлік

Автоматты қолына алғаш рет ұстап тұрған адам үшін бұл өте жақсы нәтиже


«Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөліміне осы көктемде мерзімді әскери қызмет өткеруге келген 300-ден астам жас сарбаз алғашқы жауынгерлік атыстарға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сарбаздар алдымен атыс қаруының сипаттамаларын, оқ ату техникасын және қауіпсіздік шараларын зерделеді. Оқ-дәрілерді алып, қаруды оқтаудан бастап, атыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға дейінгі барлық іс-қимыл элементтері кезең-кезеңімен пысықталды.


Дайындық шараларынан кейін жауынгерлер АК-74 автоматынан оқ атудың алғашқы жаттығуларын орындады. Атыс қорытындысы бойынша 25744 әскери бөлімі жас сарбаздар ротасының командирі капитан Серікжан Тортаев қатардағы жауынгерлер Рауан Базарбаевты, Бехруз Омаровты және Кирилл Нестеровты ерекше атап өтті.



 – Автоматты қолына алғаш рет ұстап тұрған адам үшін бұл өте жақсы нәтиже. Біздің бөлімге еліміздің барлық өңірінен әскерге шақырылушылар келді. Олардың жауынгерлік дайындыққа қызығушылығы мен Отанға қызмет етуге деген ынтасын атап өткім келеді, – деді рота командирі.



Қызмет барысында командирлер мен тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен жастар әскери техникамен және қару-жарақпен жұмыс істеуді үйреніп, әскери-есептік мамандыққа ие болады.


Таяу күндері жауынгерлік даярлықтың негіздерін меңгерген жас жауынгерлер әскери ант қабылдап, Отан қорғаушылар қатарына қосылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #теңіз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);