ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Теңіз жаяу әскерлері әскери техникада судағы кедер...

Теңіз жаяу әскерлері әскери техникада судағы кедергілерді еңсеруде

Оқиға 10.08.2022, 13:26 1,253
Теңіз жаяу әскерлері әскери техникада судағы кедергілерді еңсеруде
Сурет: министрлік
Су жолының ұзақтығы – 500 метр

Су жолының ұзақтығы – 500 метр


Каспийде өтіп жатқан жауынгерлік даярлық сабақтары шеңберінде теңіз жаяу әскерлері құрамасының механик-жүргізушілері жүзу кезінде бронды транспортерлерді басқару жаттығуларын өткізуде, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жабдықталған оқу орындарына жүзіп бармас бұрын, су кедергілерін еңсеру кезінде қауіпсіздік техникасынан теориялық сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, нұсқаушылар механик-жүргізушілерге жауынгерлік техниканы дайындау және тексеру тәртібін, оны бітеу шараларын, құтқару-көшіру қызметін және байланысты ұйымдастыру іс-қимылдарын түсіндірді.



«Әскери қызметшілер жаттықтыру кешендерінде практикалық іс-қимылды пысықтап, арнайы алаңдарда нормативтерді орындады. Осыдан кейін ғана жауынгерлер БТР-82А бронды транспортерлерінде жүзуге жіберілді», – деді бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Аслан Нұржанов.



Қазіргі уақытта теңізшілер су кедергілерін еңсеретін техникамен жұмыс істеуде. Жауынгерлік машиналарда жүзу жағалау сызығы бойымен жағадан 50 метр қашықтықта өтеді. Су жолының ұзақтығы – 500 метр. Жаттығу өтетін судың тереңдігі екі метрден асады. Күрделі жағдайда тапсырмаларды орындау кезіндегі экипаждардың үйлесімді іс-қимылдары да ерекше назарда болады.


Су кедергілерін еңсеру маневрлеріне 100-ден астам әскери қызметші, 20-дан астам жауынгерлік және арнайы техника жұмылдырылды. Сабақтардың қауіпсіз жағдайда өтуін жауынгерлік жүзгіштер командасы, жылдам жүретін катер және арнайы көшіру техникасы қамтамасыз етеді. Жаттығу сабақтары 19 тамызға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.