ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Теңге бағамына геосаяси жағдай қалай әсер етуі мүм...

Теңге бағамына геосаяси жағдай қалай әсер етуі мүмкін?

Қаржы 01.04.2022, 05:01 1,798
Теңге бағамына геосаяси жағдай қалай әсер етуі мүмкін?
Сурет: Kapital.kz.
Қысқа мерізімдік сипатта әсер етеді.

Қысқа мерізімдік сипатта әсер етеді.


Cәуірдің бірі күні Ұлттық банк мамандары наурыз айында теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін 990,5 млн долларға валюталық интервенция жүргізгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Әлемдегі қаржылық нарықтар наурыз айында геосаяси ахуалдың ушыға түсуіне байланысты құбылмалы күйде болды. Сыртқы қысымдардың ел экономикасына ықпалын азайту үшін және ішкі валюта нарығында теңгерім сақтау үшін наурыз айының ортасында Ұлттық банк бірнеше рет валюта интернвенциясын жасады. Ай соңындағы қорытынды бойынша, интервенциялардың көлемі 990,5 млн АҚШ долларына тең болған. Басқаша айтсақ, биржадағы сауда-саттықтың 29%-ы интервенциялық шараларға тиесілі», - делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Мамандардың айтуынша, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату наурыз айында 890,9 млн АҚШ долларға шықты. Ұлттық Банктің валюталық интервенциялары мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 55%-ын құрады.


Ұлттық Банк БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ.


Геосаяси шиеленістің жоғары деңгейіне байланысты 2022 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша, теңге тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір АҚШ доллары үшін 512,17 теңге болды. Алайда, осыдан кейін ұлттық валюта қозғалысының бағыты нығаю жағына қарай өзгерді. Осылайша, 31 наурызда KASE биржалық алаңындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңге бағамы наурыз айының басынан бастап 5,7%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 467,03 теңге деңгейінде қалыптасты. Халықаралық қаржы нарықтарындағы түзету, сондай-ақ салықтық төлемдер кезеңі аясында теңгенің нығаюы орын алды.



«Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Бұл ретте Ұлттық Банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекеттің жеңілдікпен кредиттеуінің азаюы, сондай-ақ айырбастау бағамының еркін өзгеру қағидаттарын ұстану қажетті талабы болып табылатын инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшу жұмысын жалғастырып жатқанын атап өткен жөн», - делінген банк хабарламасында.



Ұлттық Банк теріс сценарийлер іске асырылған жағдайда ішкі қаржы нарығында тұрақсызданудың алдын алуға қажетті барлық құралдарға ие және жағдайды қадағалауды жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.