Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Теміржолшылар әулеті «Мерейлі отбасы» атанды 

Теміржолшылар әулеті «Мерейлі отбасы» атанды 

Әлеумет 23.07.2024, 13:59 1,134
Теміржолшылар әулеті «Мерейлі отбасы» атанды 
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда ұлттық байқаудың жеңімпаздары анықталды 

Алматыдағы Қабылдау үйінде  республикалық конкурстың қалалық кезеңінде үздік атанғандар салтанатты түрде марапатталды. Қаланың үлгілі  отбасын анықтайтын дода жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да 15 мамыр – Отбасы күніне орай басталған еді.

Ұлттық байқауға қатысуға өтінімдер мамыр-шілде айларында қабылданған. Биыл 235 отбасы қатысуға ниет білдірген. Алдымен аудандық іріктеу кезеңі өтіп, қалалық кезеңге 16 әулет жолдама алды. Қалалық комиссияның шешімімен әр ауданнан бір отбасы жүлдегер атанды. Солардың арасынан бір әулеттің мерейі үстем болды. Мерейлі отбасыға 800 мың теңге, ауданаралық кезеңде үздік атанған 7 отбасыға 400 мың теңге ақшалай сый берілді. 

Мерейлі отбасы атанып, республикалық кезеңге жолдама алған – Медеу ауданының атынан қатысқан Кәпішевтер отбасы. Мұрат Саданұлы мен Мензипа Кәрімқызы – үш балалы ата-ана. Үш баласы да ата жолын жалғастырып келеді. Бұл әулетте үш ұрпақ теміржол саласында еңбек етіп келе жатыр. 

«Бүгін біз «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын марапаттадық. Бұл байқау 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Отбасы институтын насихаттап, еліміздегі өнегелі отбасыларды танытуда өте маңызды байқау. Қаламызда мамыр айында басталып, көптеген отбасы байқауға қатысуға ниет білдірді. Барлығы 235 отбасы өтінім беріп, әр ауданның үздік жанұясы анықталды.  «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар. Сондықтан осындай отбасыларды көпшілікке насихаттау – баршамыздың міндетіміз. Жыл сайын байқауға қызығушылық танытып отырғандардың қатары артып келеді»,– дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков. 

•  Тақырыпқа орай 

Мұрат КӘПІШЕВ, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы: 

Ұлттық жобаны теледидардан көрсетіп, ылғи айтып жатады. Биыл осы байқаудың ұйымдастырылғанына 10 жыл болыпты. «Өтінімдер қабылдап жатыр» дегенді естіп, қатысуға ниет білдірдік. 
Біз теміржол саласында үш ұрпақ жұмыс істейміз. Менің әкем теміржолшы болған. Ол 1932 жылы осы салаға келіп, 1968 жылы зейнетке шықты. Әкем мен анам 8 бала тәрбиелеп, өсірген. Олардың барлығы әке жолын қуып, теміржол саласында қызмет еттік. Менің 3 балам бар. Олардың үшеуі де теміржолда қызмет етеді. Жолдасым медицина мамандығын тәмамдаған. Бірақ теміржол саласында қызмет етті. Бұл жолғы сайыс өте жақсы өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Мерейлі отбасы» #Ұлттық жоба #республикалық конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.