AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Теміржол станциясында мас әйел пойыз астына түсе ж...

Теміржол станциясында мас әйел пойыз астына түсе жаздады

Оқиға 25.07.2025, 17:44 726 Сұлу
Теміржол станциясында мас әйел пойыз астына түсе жаздады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Теміржол станциясында мас әйел пойыз астына түсе жаздады. Машинист бірнеше тонна тартатын пойыз құрамын дер кезінде тоқтатты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Оқиға түнгі сағат 10 шамасында болған.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, 23 шілдеде сағат 21:41-де Тобыл – Қостанай учаскесінде Астана – Орал бағыты бойынша келе жатқан "Тальго" жолаушылар пойызының машинисті рельстен әйел адамды байқап қалып, шұғыл түрде тежеу қолданған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам мас күйінде болған.

"Машинистің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы оқиға болмады. Әйел зардап шеккен жоқ және ол желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды", — деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан пойыздың жүруі 12 минутқа кешіккен.

ҚТЖ өкілдері белгіленбеген жерде теміржолды кесіп өту, әсіресе мас күйде, өте қауіпті екенін және ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы-2 станциясында 15 жастағы жасөспірім вагонның төбесіне шығып, тоқ соғып, қатты күйік алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол #өлім #қтж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);