Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Tele2 және Altel ұялы байланыс операторын кім алат...

Tele2 және Altel ұялы байланыс операторын кім алатыны белгілі болды

Әлеумет 15.02.2024, 05:22 1,061
Tele2 және Altel ұялы байланыс операторын кім алатыны белгілі болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақтелеком» АҚ мен Қатар елінің Power International Holding W.L.L. компаниясы «МТ-С» сатып алу шарттарын айқындайтын қағидаттар туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Қазақтелеком» АҚ-ның Коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» өзінің мобильді активтерінің бірі – «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/ALTEL брендтері) Таяу Шығыстың жетекші конгломераты – қатарлық Power International Holding-ке сатуды көздеп отыр. Қағидаттар туралы үш жақты келісімге («Самұрық-Қазына» АҚ) тараптар Қазақстан Президентінің Қатар еліне ресми сапары шеңберінде қол қойылды.



«Келіссөздерді жақында ғана бастадық, әрине, бүгін Power International Holding компаниясымен алдын-ала келісімге келдік, алдағы уақытта сату-сатып алудың барлық шарттары мен рәсімдерін талқылап, бекіту қажет болады, сондықтан нақты сан, мәміле сомасы және т. б. туралы айтуға әлі ерте. Біз стратегиялық инвестор ретінде Pih сияқты беделді және тұрақты компанияның ниет білдіргеніне ризамыз, оның үстіне компания Қазақстанда әйгілі болып табылады, елімізде холдингтің көптеген жобалары бар, әрі олардың барлығы айтарлықтай табысты», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.



Power International Holding – бұл экономиканың түрлі секторларын қамтитын Катар конгломераты. Компанияда 65 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді, әлем бойынша 1000-ға жуық түрлі жобалар іске асырылуда. Мәселен, 2022 жылдың қазан айында Катар Әмірінің Қазақстанға ресми сапары аясында холдинг Астанада құны 300 миллион долларға жуық ірі халықаралық медициналық кешен салу туралы Меморандумға қол қойған болатын.



«Біз Қазақстанда ұялы байланыс операторын сатып алу туралы келісімге қол қойғанымызға, әрі инвестициялық ахуалы өте қолайлы және іскерлік орта дамыған сіздің еліңізде Pih бизнесін кеңейтіп жатқанымызға өте қуаныштымыз» - деді Power International Holding W. L. L. Төрағасы Мұхаммед Мутаз Әл-Хайят.



Еске салсақ, 2019 жылы «Қазақтелеком» «МТ-С» -тың 100% үлесін иеленген болатын. Бүгінде бұл Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторы, оның телеком-қызметтері мен цифрлық сервистерін 7 миллионға жуық адам пайдаланады. Компания консорциумға қатысушылардың бірі болып табылады, ол біздің елімізде бесінші буын байланыс стандартын өрістету жобасын іске асыруда, әрі былтыр ғана республиканың 20 шақты қаласында 800-ге тарта 5G базалық станциясын салды, базалық станциялардың жалпы саны 7 мыңнан асады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Tele2 #Altel #байланыс операторы #қазақтелеком
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.