Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Текстильді архитектура бойынша Алматыда семинар өт...

Текстильді архитектура бойынша Алматыда семинар өтті

Әлеумет 30.08.2023, 11:45 1,151
Текстильді архитектура бойынша Алматыда семинар өтті
Сурет: 24.kz

Құрылыстағы заманауи көзқарас және жаңа технологиялар.


Алматыда текстильді архитектура бойынша семинар өтті. Алыс-жақын шетелдерден келген дизайнерлер мен сәулетшілер, құрылысшылар болашақ бірлескен жобаларды талқылап, соңғы үлгідегі архитектуралық шешімдердің ауқымды әлеуетін сөз етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыдағы мына ғимараттың қасбетіне архитектуралық мата қолданылғанын біреу білсе, біреу білмейді. Нысанның қабырғалары мен шатырына құрылыс материалы ретінде арнайы мембраналар пайдаланылған. Текстильді сәулет ғимаратты ерекше етіп қана қоймай, оны күннен қорғайды.  Құрылыстағы бұл жаңа технологияны елімізде APS ENGINEERING компаниясы жүзеге асырып келеді. 



«АПС Инженирингтің мақсаты өркениетті елдердің жақсы дүниелерін осы озық технологияларын Қазқастанға алып келу. Біздің серіктестеріміз Францияның ферари фирмасы осы текстильдік архитектура бойынша, материалдарын сол жақтан аламыз, сол серіктестігі. Ал балалар алаңының ойыншықтарын Данияның Компан компаниясыменен жұмыс жасаймыз, серіктесіміз, солардың ойыншықтарын осы жерге әкеліп қоямыз», - дейді APS Engineering ЖШС бас директордың орынбасары Серік Сатаров.



APS Engineering компаниясы - кәсіби жобалау тобы және заманауи құрылғылармен жабдықталған өндіріске ие. Компания Еуропадан тікелей жеткізілетін жоғары сапалы материалдармен жұмыс істейді. Бұл тұтынушыларға шетелдік компанияларға жүгінбей-ақ елімізде жоғары сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді.



«Біз APS Engineering компаниясымен 20 жылға жуық серіктес ретінде жұмыс істеп келеміз. Ferrari мембраналық материалдарының техникалық қасиеттерінің арқасында біздің қазақстандық серіктестер тұтынушыларға кез келген пішіндегі күрделі дизайнды ұсына алады. Ең бастысы, біз әртүрлі материалдарды үнемі зерттеп, жаңа шешімдер іздейміз», - дейді "Serge Ferrari" компаниясының өкілі Харальд Шайбельхут.



Семинарда шетелдік серіктестер қазақстандық мамандарды Амстердамда өтетін кеме жасау көрмесіне шақырды. Бұл кәсіпті кеңейтіп, жаңа бағыттарға жол ашады. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Текстильді архитектура #Алматы #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.