ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Текеліде қайырымдылық дүкені ашылды

Текеліде қайырымдылық дүкені ашылды

Әлеумет 04.01.2022, 09:27 1,156
Текеліде қайырымдылық дүкені ашылды
bag. kz
Алматы облысы Текелі қаласында кез-келген адам ақша төлемей-ақ азық-түлік алатын сөре ашылды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Жан жылуы мекені» деп аталатын жерде дастарқанға аса қажеттінің бәрі...


Алматы облысы Текелі қаласында кез-келген адам ақша төлемей-ақ азық-түлік алатын сөре ашылды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Жан жылуы мекені» деп аталатын жерде дастарқанға аса қажеттінің бәрі бар. Жетісу жерінің іскер әйелдері қолға алған қайырымды шараның басты мақсаты адамдардың бір-біріне жылу сыйлап, мұқтаж жанға қол ұшын беру.


Текелі қаласының тұрғыны Дана Өскенбаева - бес баланың анасы. Кішкентайының күтімімен үйде отырған ол алатын жәрдемақысының азық-түліктен артылмайтынын айтады. Ал қымбатшылық қысқан заманда дүкен ішінен ашылған сөредегі тауар халыққа нағыз көмек деп санайды.



Ай сайын өз басым 70 мың теңгеден аса қаражатты азық-түлікке жұмсаймын. Осы жерден тегін қант, кеспе, шай алдым. Бұл - бізге үлкен көмек. Осыны ұйымдастырып отырған адамдарға алғысымды айтамын, - деді Дана Өскенбаева.



Ұйымдастырушылар «Жан жылуы мекені» деп аталатын сөреге кез келген адам өз үлесін қоса алатынын айтады. Яғни, дүкенге келген жан сатып алған затын осы сөреге қалдыруға болады. Ал шараның негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету.



Бір-бірімізге көмек көрсету - басты мақсатымыз. Әр қазағым жалғызым дейді. Тек қана бақуатты адамдар ғана мейірімділік көрсете алмайды, бәрі көрсету керек. Екі шоколад алып, бір шоколадты осында қойып, бір шоколадты өзі жесе, ол балаларға үлкен тәрбие деп ойлаймын, - деді Алматы облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Алмагүл Оңғарбаева.



Алматы облысының іскер әйелдері тегін азық-түлік сөресін әзірге нан, қант, кеспе, шай сияқты дастарқанға ең қажетті өнімдермен толтырған. Ал алдағы уақытта мұндай сөрелерді Алматы облысының барлық өңірлерінде ашсақ деген жоспарлары бар және оның ішіндегі тауарларды да түрлендіре түспек.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.