ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қала тынысы / Тазалыққа мән берілді

Тазалыққа мән берілді

Қала тынысы 30.11.2024, 12:45 807
Тазалыққа мән берілді
Самат Серікбайұлы
Алматыда Түрксіб ауданында орналасқан «Баум» тоғайында тазалық сенбілігі өтті.Бұл игі іс – «Таза Қазақстан» республикалық бастамасының негізінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» эконауқаны аясында...

Алматыда Түрксіб ауданында орналасқан «Баум» тоғайында тазалық сенбілігі өтті.
Бұл игі іс – «Таза Қазақстан» республикалық бастамасының негізінде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» эконауқаны аясында жүргізілді.

Аталған акцияға өнер адамдары, аудан тұрғындары, белсенді азаматтар, экология жанашырлары, студенттер және т.б. қатысты. 

«Өз қаламыздың тазалығын сақтап, айналамызды таза ұстап, көпшілікке өзіміздің үлгі-өнегемізді көрсетсек, ұтарымыз көп. Жалпы алғанда өзімізде осындай іс-шара нәтижесінде тазалық сақтауды басты орынға қойған дұрыс деп білеміз», – деді Алатау дәстүрлі театрының труппа жетекшісі Саттар ЕРУБАЕВ.

Сонымен қатар Медеу табиғи паркі директорының міндетін атқарушы Ұзақ Жамбылұлы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан істер төңірегінде ой қозғады.

«Таза Қазақстан акциясы бойынша біздің эко Алматы, қалалық экология және қоршаған орта басқармасы қызметкерлері және т.б. жұртпен бірігіп осындай іс-шара ұйымдастырылды. «Баум» тоғайы бойында тазалық жұмыстары жасалды. Мұның мән-маңызын біліп, өскелең ұрпақ көріп, келелі істерді үйреніп, табиғатты аялай білсе екен», – деді ол.

Сондай-ақ акцияға қатынасушылар қатарында студент жастар өз белсенділіктерін көрсетіп, келелі істің басы-қасында жүрді. 

«Әрдайым осындай тазалыққа байланысты науқандарға қатысып тұрамыз. Саябақтарды, адамдар демалатын орындарды тазарту маңызды болып саналады. Өйткені қала таза әрі ұқыпты ұсталса, онда еліміз де тазарады, дами береді деп сенеміз», – деді студент Ерұлан НҰРӘДІЛ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,177 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.