AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тазалық жолшының ғана емес, қоғамның да жауапкерші...

Тазалық жолшының ғана емес, қоғамның да жауапкершілігі

Әлеумет Бүгін 15:04 52 yakiya
Тазалық жолшының ғана емес, қоғамның да жауапкершілігі
Элеонора Якия

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – елді мекендерді жалғайтын күретамыр ғана емес, күн сайын мыңдаған азамат пайдаланатын ортақ қоғамдық кеңістік. Сондықтан жол бойының тазалығы мен тәртібі тек жол қызметкерлерінің міндеті емес, әрбір жол пайдаланушының мәдениеті мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Жолшылар күн сайын республикалық трассалар бойындағы қоқысты жинап, санитарлық аймақтарды тазалап, дәретханалар мен жол бойы инфрақұрылымын күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс жылдың төрт мезгілінде, аптап ыстықта да, қақаған аязда да, жел мен жаңбырда да тоқтамайды.

Алайда кейбір азаматтардың жауапсыз әрекеті бұл еңбектің қадірін түсіріп отыр. Жол бойына қоқыс тастау, белгіленбеген жерде темекі шегу, дәретханаларды мақсатсыз пайдалану, жол жиегі мен демалыс аймақтарын ластау – өкінішке қарай, әлі де кездесетін келеңсіз көріністер. Тіпті кейбір тұрғындардың жол бойындағы қоқыс жәшіктеріне тұрмыстық қалдық, құрылыс қоқысы, өлген малдың өлексесін тастайтын жағдайлары да тіркелуде.

Мұның барлығы тек тазалық мәселесі емес. Бұл – экологиялық мәдениет, қоғамдық тәртіп және ортақ мүлікке деген көзқарас мәселесі. Біреудің жауапсыздығынан жол бойындағы санитарлық жағдай нашарлап, кейін сол жағдайға қайтадан қоғамның өзі шағым айтады.

Айта кету керек, жол бойындағы тазалық пен санитарлық нысандарды күтіп-ұстауға бюджеттен жыл сайын млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалады. Бұл қаржы жол қауіпсіздігін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және сервисті жақсартуға бағытталуы мүмкін еді. Алайда оның едәуір бөлігі жауапсыз адамдар қалдырған қоқысты жинауға кетіп отыр.

Республикалық жол – қоқыс төгетін орын емес. Бұл – барша азаматқа ортақ мемлекеттік инфрақұрылым. Оны таза ұстау – жолшының ғана емес, жүргізушінің де, жолаушының да, жергілікті тұрғынның да ортақ міндеті.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол пайдаланушыларды қарапайым экологиялық мәдениетті сақтауға шақырады: қоқыс тастамаңыз, санитарлық нысандарды ұқыпты пайдаланыңыз, табиғатқа жанашыр болыңыз, жолшылардың еңбегін және мемлекеттік мүлікті құрметтеңіз.

Жол бойындағы тазалық әлеуметтік желідегі шағымнан емес, әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тасымалдаушылармен және көлік саласының өкілдерімен экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 15:38

Алматыда Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 15:33

Алматыда жасанды интеллект зертханалық диагностикаға көмектесе бастады

Бүгін 15:31

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару басталды

Бүгін 15:12

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);