ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Тазалық пен тағзым - ұрпақ міндеті

Тазалық пен тағзым - ұрпақ міндеті

Алматы 25.04.2025, 08:02 607
Тазалық пен тағзым - ұрпақ міндеті
Cурет: Самат Құсайынов
24 сәуір күні Жетісу ауданындағы Орталық зиратта арнайы сенбілік өткізілді. Іс-шара республика көлеміндегі «Таза Қазақстан» акциясы аясында әрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп...

24 сәуір күні Жетісу ауданындағы Орталық зиратта арнайы сенбілік өткізілді. Іс-шара республика көлеміндегі «Таза Қазақстан» акциясы аясында әрі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткен сенбілік экологиялық мәдениет пен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды басты мақсат етті. Іс-шараға  қалалық комьюнити-орталықтардың еріктілерін қамтыған жүзге жуық экобелсенді мен қала жастары атсалысты. Жалпы акцияға 200 адам, 7 арнайы техника қатыстырылып, 50 текше метр қоқыс шығарылды.

Сенбілікке қатысушылар Орталық зират аумағын тазарта отырып, ел тарихына елеулі үлкес қосқан ағабуын өкілдерінің рухына тағзым етті.

– Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ел тарихына, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің рухына деген құрметті нығайту. Жақында ғана елордада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» экофестиваліне қатысқан болатынмын. Бүгінгі шара – соның жалғасы іспетті. Бұл бастама бүгінде үлкен қозғалысқа айналды. Оған қала тұрғындары, әсіресе жастар белсенді қатысып келеді, – дейді Алматы қаласы Жетісу комьюнити орталығының жетекшісі Әкежан Кеңес.

 «Ритуалдық қызметтер комбинатының» бас инженері Есбол Нүсіпов жастардың көрсетіп отырған көмегін кез келген уақытта жоғары бағалайтынын айтты:

– Бүгінгі акцияның тәрбиелік мәні зор. Жас ұрпақ бейбіт аспан үшін жанын қиған батырларды ұмытпай, құрметтеуі тиіс. Біз еріктілердің еңбегіне алғыс білдіреміз және естелік орындарында тазалық пен тәртіпті қолдауға әрдайым шақырамыз.

Бостандық аудандық комьюнити-орталығының жетекшісі Тоғжан Дауыл еріктілер қатарындағы қала ЖОО студенттері тазалықты сақтау шараларына үнемі белсене қатысатынын және бұл жолы да мемориалды ретке келтіру бастамасына бірден үн қосқанын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар арқылы жастар бойында табиғатқа деген жанашырлықты, ел тарихына деген құрметті сіңіреді. Сенбілік барысында зират аумағы мен оған іргелес сквер тазартылып, қоршаған орта қалпына келтірілді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.