AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіре...

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Алматы Бүгін 14:39 67 Сұлу
«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда «Алматы – 2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасы аясында ұйымдастырылған Түркі мемлекеттері ұйымының Халықаралық жастар кемпингі жұмысын жалғастыруда. Бағдарламаның екінші күні экология, тұрақты даму, цифрлық трансформация және түркі елдерінің жас көшбасшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесіне арналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шарадағы басты оқиға – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Turkic Youth Tree of Unity» халықаралық экологиялық акциясы болды. Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген кемпинг қатысушылары бірлесіп ағаш егіп, оны бірлік, достық және қоршаған ортаны сақтаудағы ортақ жауапкершіліктің белгісі ретінде танытты. Бұл акция жастардың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға қосқан нақты үлесі болып, сондай-ақ бүгінгі таңда түркі әлемі елдерінің жастар саясатының маңызды бағытына айналған тұрақты даму құндылықтарын дәріптеді.

«Экологиялық жауапкершілік әр адамның жеке ісінен басталады. Бүгінде түркі мемлекеттерінің жастары елінің болашағын талқылап қана қоймай, нақты істері арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасауға дайын екенін көрсетуде. Осындай бастамалар халықтар арасындағы достықты нығайтып, жас ұрпақтың бойында жасампаздық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп сенемін», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Бағдарлама аясында «Digital Turkic Youth» форумы өтіп, онда қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық дағдыны жетілдіру және болашақ экономикасының талаптарына сай жас мамандарды даярлау жайын талқылады.

Түстен кейін «Ашық әрі әділетті қоғамды дамытудағы жастардың рөлі» атты сессия ұйымдастырылып, онда азаматтық белсенділік, заң үстемдігі, жастардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы және қоғамдық институттарды дамыту жайы сөз болды.

Сонымен қатар, жастардың ашық әрі әділетті қоғам қалыптастырудағы рөліне, олардың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына және жаңа көшбасшылық қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды. Іс-шара түрлі елдердің өкілдерін ұлттық дәстүрі, шығармашылығы мен мәдени мұрасы арқылы жақындастырған Cultural Night мәдени кешімен қорытындыланды.

«Бұл кемпингке қатысу біз үшін бауырлас халықтардың мәдениетімен танысып қана қоймай, қоғамға пайда әкелетін ортақ бастамаларды бірге жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экологиялық акция біздің бірлігіміз бен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміздің символына айналды», – деді Қырғызстаннан келген кемпинг қатысушысы.

Халықаралық жастар кемпингі түркі мемлекеттерінің жас көшбасшылары арасында ашық диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды дамытуға арналған маңызды алаң ретінде жұмысын жалғастырып отыр. Ал 14 маусымда қатысушыларды іс-шара қорытындыланып, «Алматы – 2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасы ресми түрде жабылады. Осы рәсім барысында жастар астанасының мәртебесі келесі қалаға табысталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Бүгін 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Бүгін 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Бүгін 15:18

Астанада такси жүргізушісі тұрғынның зергерлік бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);