ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – жастардан ү...

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – жастардан үлгілі іс

Алматы 24.04.2025, 15:16 446
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – жастардан үлгілі іс
Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылдың 24 сәуір күні – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан Адам ресурстары» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы...

 

2025 жылдың 24 сәуір күні – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан Адам ресурстары» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының оқушылары арасында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция сәтті өтті.

Аталған шара табиғатты қорғау мен экологиялық тәрбие беруге бағытталған игі бастамалардың жалғасы болып табылады. Жастар қоғамға пайдасын тигізуді мақсат тұтып, өздерінің белсенділігімен және жанашыр әрекеттерімен ерекшеленді.

Акция аясында оқушылар Наурызбай ауданындағы жалғызбасты әжелердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларын ретке келтірді. Бұл — тек физикалық көмек қана емес, үлкенге құрмет көрсетудің, ұрпақтар сабақтастығының және жүректен шыққан ізгіліктің айқын көрінісі. Осындай әрекеттер арқылы жастардың бойындағы тәрбиенің, мейірім мен жанашырлықтың деңгейі байқалды.

Сонымен қатар, жас еріктілер қоғамдық орындар мен көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл тек қоршаған ортаны қорғау емес, сонымен қатар саналы азамат қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

«Таза Қазақстан» – бұл тазалықтың ғана емес, тәрбиенің де көрінісі. Осындай бастамалар арқылы жастар бойына патриоттық рух, азаматтық белсенділік пен қоршаған ортаға деген жауапкершілік сынды қасиеттер дарытылуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік жобалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданының балалары мен жастары үшін тегін үйірмелерге жазылу мүмкіндігі бар. Шығармашылық, спорт, өнер, тіл үйрену сынды бағыттар бойынша дамуға ниетті тұрғындар төмендегі байланыс нөміріне хабарласа алады:
Тел: +7 707 205 42 45  Айжан И., жобаның үйлестірушісі

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.