AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан ас...

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді

Әлеумет 29.08.2025, 10:15 649
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда экологиялық тепе-теңдікті сақтау және орман алқаптарын кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл шаралар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және Президенттің табиғатты қорғау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, соңғы жылдары ел аумағында 1 млрд 369 млн-нан астам көшет егілді. Оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне 48,7 млн дана сексеуіл көшеті отырғызылған. Бұл жоба өңірдегі экологиялық апат салдарын жұмсартуға бағытталған.

— «Мемлекеттік орман қоры аумағына ауқымды көлемде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе Арал теңізінің құрғаған аумағына сексеуіл егу – шөлейттенуді тоқтатудың маңызды тетігі», — деді министр.

Орман шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында Қазалы ауданында былтыр жыл соңында жаңа орман питомнигі іске қосылды. Оның аумағы 33 гектарды құрайды және жылына 3 млн көшет өсіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда агротехникалық талаптарға сәйкес питомниктің 10 гектарына сексеуіл тұқымы себілген.

Бұған қоса, биыл ауданы 15 гектар жаңа питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымылар бұрғылау жұмыстары басталды. Бұл шаралар жас көшеттердің өсуіне қажетті су қорын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Таза Қазақстан» аясындағы көгалдандыру жұмыстары:

  • елдегі орман алқаптарының көлемін ұлғайтуға;

  • шөлейттенудің алдын алуға;

  • халық үшін экологиялық қолайлы орта қалыптастыруға;

  • су және ауа теңгерімін сақтауға ықпал етеді.

Бұл бастама Қазақстанның ұзақ мерзімді экологиялық қауіпсіздігі мен орнықты даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #орман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);