ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет /  "Таза Қазақстан": Алматының 2025–2029 жылдарға ар...

 "Таза Қазақстан": Алматының 2025–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары

Әлеумет 28.04.2025, 15:43 778
 "Таза Қазақстан": Алматының 2025–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Мемлекет басшысының экологиялық бағыттағы қалаларды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті. Осы...

Мемлекет басшысының экологиялық бағыттағы қалаларды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті. Осы тұжырымдаманы жергілікті деңгейде іске асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігі 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірледі. Бүгін бұл жоспар депутаттардың назарына ұсынылды.

Жоспар жалпы үш негізгі бағыт бойынша 45 нақты іс-шараны қамтиды: экологиялық ойлау мен мінез-құлықты қалыптастыру, экологиялық білім беру және экологиялық ағарту мен ақпараттық қамту. Әрбір іс-шара жылдар бойынша бөлініп, салалық органдарға бекітілген. Сонымен қатар, олардың нақты сандық және сапалық нәтижелері жоспарланған.

Экологиялық ойлау мен мінез-құлық бағыты халық пен бизнестің экологиялық жауапты ұстанымын дамытуға бағытталған. Бұл бағыт аясында қалада камералар мен датчиктер орнату, сумен жабдықтау жүйесін цифрландыру, фандоматтар мен экобокстарды енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыру, ынталандыру шаралары ұйымдастыру және қоғамды кеңінен қатыстыру бастамалары жоспарланған.

Экологиялық білім беру бағыты балалар мен жастардың табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейді. Жоспарда экологиялық байқаулар мен акциялар өткізу, «Жасыл балабақша» жобасын дамыту, мектептерде экосабақтар ұйымдастыру, педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізу көзделген.

Экологиялық ағарту және ақпараттық қамту бағыты халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бұл бағыт шеңберінде «Таза Қазақстан», «World Clean-up Day» сияқты халықаралық бастамаларды жүзеге асыру, экологиялық бейнероликтер шығару, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында экология тақырыбын кеңінен жариялау, сондай-ақ «Жасыл мектеп» және «Жасыл кеңсе» жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Аталған жоспарды толыққанды іске асыру Алматы қаласында экологиялық мәдениетті жүйелі түрде қалыптастыруға, халықтың табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, қалалық ортаның сапасын арттыруға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қала мен тұрғындардың мүддесі үшін «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Жоспарды қолдау және бекіту ұсынылады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,300 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.