ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / “Таза Қазақстан”: Алматы табиғат пен ұлттың бірліг...

“Таза Қазақстан”: Алматы табиғат пен ұлттың бірлігін көрсетті

Алматы 06.04.2025, 12:37 769
“Таза Қазақстан”: Алматы табиғат пен ұлттың бірлігін көрсетті
almaty-akshamy.kz
Алматыда “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара сәтті өтті. Бұл ауқымды жиын – еліміздегі экологиялық қозғалыстың жаңа кезеңін білдіріп қана қоймай,...

Алматыда “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара сәтті өтті. Бұл ауқымды жиын – еліміздегі экологиялық қозғалыстың жаңа кезеңін білдіріп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды. 

Іс-шара “Байтақ” жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері, қоғам қайраткерлері мен Мұхтар Шаханов, Асылы Осман бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің жасылдар партиясы өкілдері арнайы делегациялармен келіп, іс-шараның халықаралық маңызын арттырды. 

Орталық Азия мен Еуропа елдерінің дипломатиялық және ресми өкілдерінің қатысуы экологиялық жауапкершіліктің ортақ екенін айқын көрсетті.

Іс-шара барысында ұлттық ойындар мен қолөнер көрмесі; эко-білімге арналған дөңгелек үстелдер мен пікірталастар; мәдени концерттік бағдарлама қамтылды. Былтыр “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында 6,2 миллионнан астам адам қатысып, 1,1 миллион тонна қалдық жиналды. Сонымен бірге, 1,6 миллионнан астам ағаш отырғызылып, заңсыз 4 800 қоқыс алаңының 91 пайызы жойылды. Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қабылдайтын @TazaQazBot телеграм-боты арқылы 10,7 мың өтініш түсіп, олардың 9,7 мыңы оң шешімін тапты. Бұл көрсеткіштер Қазақстан азаматтарының экологиялық сана-сезімінің артып келе жатқанын көрсетеді. “Таза Қазақстан” – табиғатты қорғау мен ұлттық бірлікті ұштастыратын бірегей платформа ретінде қалыптасып келеді.

“Таза экология – бұл ұлттың денсаулығы мен болашағы. Табиғатты қорғау арқылы біз ұлттық болмысымызды, ұрпағымыздың амандығын сақтап қаламыз. Бұл – әр азаматтың ортақ парызы. “Таза Қазақстан” – бұл тек бір күндік акция емес, бұл – тұрақты, жүйелі нық қадам. Ол еліміздің жасыл болашағын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ міндет пен жаһандық жауапкершілік үлгісі”, – дейді “Байтақ” жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.