AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Таза ауа және бизнес: Алматыда экологиялық талапта...

Таза ауа және бизнес: Алматыда экологиялық талаптар талқыланып жатыр

Алматы 30.05.2026, 17:29 149 Дина
Таза ауа және бизнес: Алматыда экологиялық талаптар талқыланып жатыр
Алматы әкімдігі

Бизнесті артық жүктемесіз қалай жаңғыртуға болады, экологиялық шешімдерге көшу қанша тұрады және кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары қолжетімді? Осы мәселелер Алматының Наурызбай ауданы әкімдігінде өткен кәсіпкерлермен кездесудің негізгі тақырыбына айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Талқылауға аудан әкімдігі, Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы, «Eco Almaty» ЖШС, салалық қауымдастықтар мен кәсіпкерлер өкілдері қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы - 2025 жылы 30 желтоқсанда Алматы мәслихаты бекіткен атмосфералық ауаны қорғау ережелері болды. Бизнес өкілдеріне қолданыстағы экологиялық талаптар, нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту және қаладағы зиянды шығарындыларды азайтуға көмектесетін шаралар туралы айтылды.

Әсіресе, экологиялық таза отын түрлеріне көшу, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және бизнесті қолдау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Ашық диалог барысында кәсіпкерлер туындаған қиындықтарды тікелей талқылап, мәселесін айтып, өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

«Eco Almaty» ЖШС өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, шағын және орта бизнестің түрлі салаларын қамтиды.

Еске салайық, атмосфералық ауаны қорғау ережелері Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Құжатта қаланың газ тартылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдаланудан бас тарту, шығарындыларды тазарту жүйелерін міндетті түрде орнату және ауаның ластануын төмендетуге бағытталған өзге де шаралар қарастырылған.

2025 жылы 27 қарашадан бері шағын және орта бизнестің 2 100-ден астам нысаны тексерілді. Олардың қатарында техникалық қызмет көрсету бекеттері, қоғамдық тамақтану орындары және монша кешендері бар. Тексеру барысында қатты отын пайдаланатын 760 нысан анықталып, шамамен 110 кәсіпорын шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);