Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Таза ауа және таза өзендер: Алматыда «Жарқын күз»...

Таза ауа және таза өзендер: Алматыда «Жарқын күз» экокампаниясы қалай өтуде

Әлеумет 23.10.2024, 17:13 1,398
Таза ауа және таза өзендер: Алматыда «Жарқын күз» экокампаниясы қалай өтуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Жарқын күз» науқаны аясында «Таза ауа» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты-автомобильдерден шығатын газдардыңқангшалық зиян екенін және түтінінің деңгейін бақылау, бұл әсіресе ауаның ластануының едәуір бөлігі көлік шығарындыларына қатысты болатын мегаполисте маңызды.

 

Ай басталғалы бері Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге жылжымалы экологиялық бекеттерде 628 көлік тексерілді. Мониторинг нәтижелері бойынша 263 автомобильде  зиянды  шығарындылар мен түтіннің белгіленген нормативтерінің асып кетуі анықталды, бұл тексерілген көлік құралдарының жалпы санының 42% -ын құрайды.

Тексеру нәтижесінде 202 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 123 бұзушыға айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан едәуір асып кеткен тоғыз автомобильдің иелері  көліктерінің мемлекеттік нөмірлерді уақытша алынып тасталды.

Айта кетерлігі, 18 қазаннан бастап мегаполисте қала көшелерінде, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде және жол инфрақұрылымының бойында ағаштарды санитарлық кесу, құлаған жапырақтар мен қоқыстарды жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ақсай және Қарғалы өзендерінің арналарын тазарту аяқталды, бұл өз кезегінде күзгі-көктемгі кезеңде су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.

6000 м2 өзен арналары тазартылды. Осы тапсырмаларды орындау үшін экскаваторлар мен самосвалдарды қоса алғанда 6 арнайы техника жұмылдырылды.

 

Тазалау барысында 150 м3 қоқыс шығарылды – бұл пластикалық қалдықтар, құрылыс материалдары және т.б. Өткізілетін іс-шаралар су ағынын едәуір жақсартуға және алдағы айларда су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Өзен арналарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілі аясында жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» бастамасын іске асыру жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жарқын күз #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.