ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Таулы туризм тәртібі өзгереді: маршрутты тіркеу мі...

Таулы туризм тәртібі өзгереді: маршрутты тіркеу міндеттелуі мүмкін

Әлеумет 10.06.2025, 12:53 715
Таулы туризм тәртібі өзгереді: маршрутты тіркеу міндеттелуі мүмкін
Cурет: Әспет Дулатбекова
ҚР Туризм және спорт министрлігі туристердің таулы аймақтардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға түзету енгізуді ұсынып отыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі туристердің таулы аймақтардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға түзету енгізуді ұсынып отыр.

Жаңа норма бойынша туристер жету қиын таулы аймақтарға сапар алдында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне өз маршруттары туралы міндетті түрде алдын ала хабар беруге тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды таныстырды. Бұл шаралар салалық мемлекеттік органдармен бірлесе жүзеге асырылуда. Министр атап өткендей, әсіресе жаз мезгілінде таулы жерлердегі туристердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.

Кейінгі 5 жылда еліміздің таулы аймақтарында 400-ден астам іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген. Тек былтырғы жазғы маусымның өзінде туристерге қатысты 112 оқиға тіркелген.

Бұдан бөлек, қауіпсіздікті арттыру мақсатында Алматы маңындағы шалғай жерлерде 18 шағын үй орнатылған. Аталған үйлер ондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Олар пеш, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, қуаттағыш құрылғы, көрпе секілді төтенше жағдайда шұғыл қажетті алғашқы көмек жинақтарымен жабдықталған. Сонымен қатар шағын үйлерде спутниктік байланыс арқылы «112» және «109» қызметтеріне SOS белгісін беретін дабыл батырмалары орнатылған. Осы тәжірибені еліміздің өзге де өңірлерінде енгізу ұсынылуда.

Айта кетейік, былтыр ел ішінде саяхаттаған отандық туристер саны 10 миллионнан асты. Туризм және спорт министрлігі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды уәкілетті органдармен бірлесіп жалғастыра бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.