ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда өндіріст...

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды

Әлеумет 22.12.2021, 14:54 1,078
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматыда өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алатау ауданында Б. Момышұлы көшесінің батысына қарай желілі жаңа саябақ салынып, 107,1 га алаңда 600-ге жуық түрлі ағаш отырғызылды.

Алатау ауданында Б. Момышұлы көшесінің батысына қарай желілі жаңа саябақ салынып, 107,1 га алаңда 600-ге жуық түрлі ағаш отырғызылды.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық жаңа нысандар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәселен, Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көптен күткен жолайрық, сондай-ақ Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейін және одан әрі қаланың батыс шекарасына дейін өтпелі көлік қозғалысы ашылды.


Индустриалды аймақта үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылды. Бұдан басқа, Алатау ауданында Индустриалды аймақ нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа заманауи өрт сөндіру депосы ашылды.



Сондай-ақ, Алатау ауданында Б. Момышұлы көшесінің батысына қарай желілі жаңа саябақ салынып, 107,1 га алаңда 600-ге жуық түрлі ағаш отырғызылды.


Әлеуметтік нысандардың ішінен қала әкімі Наурызбай ауданының №36 емханасы жанынан заманауи КТ-аппараты бар диагностикалық орталықтың ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Әуезов ауданындағы №186 балабақша күрделі жөндеуден өтіп, сейсмикалық күшейтіліп әрі жалдан соң қайтарылып ашылды.


Алдағы күндері тағы да бірқатар нысандарды ашу жоспарланып отыр. Наурызбай және Әуезов аудандарында Nur Otan партиясының аудандық филиалдарының жаңа ғимараттары ашылады. Наурызбай ауданында №7 ҚКА қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусы да іске қосылады. Алатау ауданының Томирис және Наурызбай ауданының Қалқаман шағынаудандарында жаңа мектептер ашылады. Жетісу ауданында екі жаңа ДСК пайдалануға беріледі.


Сондай-ақ, Б. Сағынтаев «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» метро станцияларының жақын арада техникалық іске қосылатынын еске салды.


Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 211 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы аудандағы «Мәдениет» ТК-нен пәтер кілттерін алды.


Жақында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар да жаңа қоныстарын атап өтті. Осы санаттағы алматылықтарға барлығы 1 050 пәтер бөлінеді. Қалалық «Алматы Жастары» жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 926 несие берілді. Көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз 267 жалдамалы пәтер бөлінді.


Б. Сағынтаев жалпы биыл кезекте тұрған 5 394 адамның пәтер алатынын, оның ішінде «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы аясында көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 1 013 кредиттік заем, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандардың барлық санаттары үшін 2146 кредиттік қарыз берілетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.