Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік бастауы

Тәуелсіздік бастауы

Әлеумет 22.10.2023, 05:09 1,036
Тәуелсіздік бастауы
almaty-akshamy.kz

маңызды құжатқа шолу жасалды


Республика күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы және Педагогикалық Ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен 19 қазан күні Достық үйінде «Егемендік декларациясы – тәуелсіздік бастауы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Іс-шараға XII шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары, зиялы қауым, ғылыми және шығармашылық саласының қайраткерлері мен Алматы қаласы мәслихаты депутаттары, сондай-ақ, Алматыдағы ЖОО және колледждердің профессор-оқытушылар қауымы, магистранттар мен докторанттар, БАҚ құралдары өкілдері қатысты. Іс-шара аясында ҚР Президенті архиві ұйымдастыруымен тақырыптық көрме ұйымдастырылды.



Мақсаты – тәуелсіздіктің бастауы болған құжаттың маңыздылығын айшықтап, егемендікті нығайтып, елді одан әрі дамытуға бағыттайтын іс-шараның халықтың әл- ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруда маңызы зор.



Конференцияда тарихи күннің басы-қасында болып, құнды құжаттың қабылдануына атсалысқан Жоғарғы Кеңес Төралқасының мүшесі, комитет төрағасы, XII шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оразалы Сәбден Тәуелсіздік алған уақыттағы сәттерін ерекше тебіреніспен еске алды.



– Қазақ КСР Жоғары Кеңесте егемендік туралы Декла рация қабылдаған сәт әлі есімізде. Тәуелсіздік алған кездегі ішкі толқынысымыз көзімізден жас болып шықты. Себебі, бұл ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған егемендік болатын. Біздің бабаларымыз қарудың күшімен елді қорғаса, біз білімнің күшімен егемендікке ұмтылдық. Бұл күн қазақ елінің азаттық күні, бұдан артық күн жоқ, – деді ҚР ҰҒА академигі.



Өз кезегінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан маңызды құжатты жазған азаматтарды құрметтеп, есте сақтауымыз керек екенін тілге тиек етті:



– Біріншіден, Декларациядан кейін заң қабылданады. Елдің тұтастығы пайда болады. Ал екіншіден, кез келген адам Республика күнін ерекше қабылдайды. Біз осы декларацияны жазған адамдарды құрметтеп есімізд е сақтауымыз керек. Себебі, осы XII Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне шақырылған депутаттар Егемендікке қол жеткізу үшін талай маңдай терін төкті, – деді.



Ел тәуелсіздігінің бастауы болған Егемендік туралы Декларацияның маңызын айшықтап, мәнін түсіндірген конференция жастардың елін, жерін сүюге, егемендіктің қадірін түсінуіне ерекше әсер етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов "ДӨО алқабы" жобасы аясында жиын өткізді

Бүгін 16:45

Балаларға арналған міндетті екпелер: алматылық дәрігер вакцинация кестесі жайлы айтты

Бүгін 16:42

Қонаев атындағы академияның заңгерлері мен студенттері референдумды қолдады

Бүгін 16:34

"Жарнама және полиграфия: тиімді жарнаманы құрудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі" қалалық байқауы өтті

Бүгін 16:26

Журналистер тегін онкоскринингтен өтті: ерте диагностика – өмір кепілі

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі