Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіз еліміздің тірегі – қазақ тілі

Тәуелсіз еліміздің тірегі – қазақ тілі

Әлеумет 05.10.2023, 04:14 1,157
Тәуелсіз еліміздің тірегі – қазақ тілі
almaty-akshamy.kz

Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл – ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»,-деп тіліміздің сақталуына ерекше баға берген.


Алматы қаласының Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тілім менің – тірегім» атты әдеби кеш өтті.  Мектебіміздің оқушылары Ана тілінің қасиеті, құдіреті  арқылы талай тамаша туындыларды дүниеге әкелген  сөз шеберлерінің туған тіліне арнаған жыр жолдарын мәнерлеп оқыды. Атап айтар болсақ, 8 «Д» сынып оқушысы Құттығалиева Ақерке «Қазақ тілі», 8 «А» сынып оқушылары Серікхан  Ғазиза, Есен Кәусар, 8 «Г» сынып оқушысы Еркін Арай, 7 «Д» сынып оқушысы Жұмағұл Аружан, 9 «Г» сынып оқушысы Сәдуақас Ислам, 6 «Г» сынып оқушылары Тәңірберген Ерасыл, Тұрсынхан Ерасыл, 5 «В» сынып оқушысы Рысқұлбек Аяулым ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Әдеби кеш барысында оқушыларға «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» фильмінен үзінді көрсетіліп, 8-9-сынып оқушылары ұлт зиялыларының  тіл туралы қанатты сөздерін оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұстаздары ана тіліміз жайында өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, оқушыларды тілімізді шұбарламауға, ана тілімізді құрметтеуге, мәртебемін биік ұстауға шақырды. Әдеби кеште көрермендерге күмбірлеген күйімен бойға шабыт сыйлаған мектебіміздің күйші оқушылары өз өнерлерін көрсетсе, мың бұралған «Шашу» би тобы кешіміздің сәнін келтірді.


Мектеп-гимназия директоры Нұржамал Есіркеповна мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылай Көпбергенұлы сөз кезегін алып, оқушыларға ана тілінің мемлекет үшін маңызын айта келіп, әдеби кешті жоғары деңгейде ұйымдастырылған рухани азық болатын кеш болды деп өз бағасын берді. Кеш соңында ұстаздарымыз «Жаса, Қазақстан» әнін орындап, кештің нүктесін қойды. Ананың ақ сүтімен, әженің әлдиімен бойымызға дарыған ана тілімізді ардақтай білейік! Туған тіліміз егемендігіміздің белгісіне, тәуелсіздігіміздің символына айналсын!


 


 


 


 


 





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі