AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Almaty Studios музыкалық және шығармашылы...

Алматыда Almaty Studios музыкалық және шығармашылық кеңістігі ашылады

Алматы Бүгін 14:44 35
Алматыда Almaty Studios музыкалық және шығармашылық кеңістігі ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен музыка және креативті индустрияны дамытуға арналған жаңа көпфункционалды Almaty Studios кеңістігі ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаның бастамашысы – музыкант, композитор, A’STUDIO тобының жетекшісі Байғали Серкебаев. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Мұнда музыка үйренуге, дайындық өткізуге, музыкалық шығармаларды жазуға, түсірілім мен концерт ұйымдастыруға жағдай жасалады. Кеңістік өнер жолын енді бастаған музыканттарға да, кәсіби орындаушыларға да арналған.

Қаланың таулы бөлігінде, өзен жағасында орналасқан кешенде дыбыс жазу студиясы, дайындық залы, оқу сыныптары, түсірілім павильоны және 100 адамға арналған шағын концерт залы бар. Мұнда шебердің дәрістерін, шығармашылық кездесулер мен жаңа музыкалық жобалардың таныстырылымдарын өткізу де жоспарланған.

«Мен үшін Almaty Studios жас және тәжірибелі музыканттар кездесіп, өзара тәжірибе алмасатын, пікірлес адамдарды табатын және шығармашылық идеясын жүзеге асыратын ортаға айналғаны маңызды», – деді Байғали Серкебаев.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, кешен жергілікті музыканттардың шығармашылық жұмысына және бірлескен жобаларды іске асыруға пайдаланылмақ. Сонымен қатар мұнда мәдени және оқиғалық туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Креативті индустрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі 38%-ға өсті

Бүгін 14:53

Дархан Сатыбалды Алатау ауданы инфрақұрылымының дамуымен танысты

Бүгін 14:41

Скроллингтен кітап оқуға: Алматы кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы

Бүгін 12:28

Батырды іздеген марапат

Бүгін 12:00

Жағалауда қалған аманат

Бүгін 11:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);