AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / "Тәуекел бар". Сарапшы алақанмен төлем жасаудың қа...

"Тәуекел бар". Сарапшы алақанмен төлем жасаудың қауіпті тұстарын атады

Мұны білген жөн 03.11.2025, 16:41 650 Дина
"Тәуекел бар". Сарапшы алақанмен төлем жасаудың қауіпті тұстарын атады
сурет: ЖИ

Қазақстанда биометриялық төлемнің жаңа түрі алақанмен төлем жасау жүйесі іске қосылмақ. Бұл жаңалық көрпшілікті таңғалдырып, енді бірін алаңдатып қойды. Бұл қаншалықты қауіпсіз? Aqshamnews.kz тілшісі осы тақырып бойынша IT-сарапшы, NOVAHUB GROUP компаниялар тобының негізін қалаушы Қанат Исраиловтан жауап алды.

Алақанмен төлем жасау қауіпсіз бе?

Сарапшы Қанат мырзаның айтуынша, алақан тамырлары арқылы сәйкестендіру - қазіргі ең қауіпсіз биометриялық технологиялардың бірі. Десе де, ескеретін тұстар да бар. 

"Бұл жүйе тері астындағы қан тамырларының бірегей құрылымын сканерлейді. Оны фото, макет немесе бейне арқылы қолдан жасау мүмкін емес. "Тірі екенін анықтау" (Liveness Detection) функциясы қан ағысын тексеріп, жүйені алдау мүмкін болмайды", - дейді ол. 

Исраиловтың сөзінше, жүйе алақан суретін сақтамайды. Тек суретті хэш-кодқа айналдырып соны оқиды. Яғни ол кодты бастапқы формаға қайта келтіру мүмкін емес.

"Теориялық түрде хэш-код бұзылса, тәуекел бар. Сондықтан ірі транзакциялар үшін тек биометрия емес, қосымша қауіпсіздік жүйесі - PIN немесе SMS қажет", - деп қосты маман. 

Әлемдік тәжірибеде мұндай төлем бар ма?

ІТ маманның айтуынша алақан биометриясы арқылы төлем жасау әлемде де қолданылып жатыр. 

 

"Әлемде әсіресе Азияда (Қытай, Жапония) және АҚШ-та, бұл технология кеңінен қолданылады. ​Amazon One (АҚШ): Amazon дүкендерінде және Whole Foods Market желісінде қолданылады. WeChat Palm Pay (Қытай): Қоғамдық көлікте және бөлшек саудада қолданылады. ​Fujitsu PalmSecure (Жапония): Көптеген банкоматта веналық сәйкестендіру жүйесі ретінде қолданылады", - дейді Қанат Исраилов. 

Ал бет-әлпет пен саусақ іздерінің ұрлану жағдайлары әлемде болған деседі. Бұл биометриялық базаға жоғары қауіпсіздік стандарттарын сақтау қажетін көрсетеді.

Банк деректерді таратып жіберуі мүмкін бе?

Желіде банктер қолданушылардың жеке деректерін "таратуы мүмкін" деп күдіктенеді. Сарапшы бұл пікірдің шығу себебін түсіндірді:

"Банктер заң бойынша деректерді сатуға немесе таратуға құқылы емес. Бірақ ең қауіпті фактор - адам. Инсайдер, outsource-серіктестер, call-орталық қызметкерлері ақпаратты заңсыз бере алады", - дейді сарапшы. 

Демек, қауіп биометриядан емес, деректерді сақтайтын орта мен адами фактордан туындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#каспи банк #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);