AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тауарлық газ және электр энергиясын өндіру ұлғайты...

Тауарлық газ және электр энергиясын өндіру ұлғайтылады

Әлеумет 06.02.2023, 12:31 1,050 Almaty-akshamy
Тауарлық газ және электр энергиясын өндіру ұлғайтылады
Сурет: Ашық дереккөз

Электр энергетикасына қатысты бірқатар қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Отын-энергетика кешені мен электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов атап өткендей, отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде тауарлық газ өндіруді (+25,5%) және республиканы газдандыру қарқынын (2029 жылы 63,4%-ға дейін), мұнай-газ-химия өнімін (6,6 есе), көмір өндіруді (+3%) ұлғайту және экономиканың энергия сыйымдылығын (5%-ға дейін) төмендету жөніндегі қадамдар қарастырылған.


Электр энергетикасына қатысты бірқатар қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда, бұл қосымша 11,7 ГВт энергия береді, сондай-ақ жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін 12,5%-ға ұлғайтуға, электр желілерінің тозу деңгейін 47%-ға дейін төмендетуге, республиканың бірыңғай энергия жүйесін құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік береді.


Мұнай-газ-химия өнеркәсібінде ірі жобаларды, оның ішінде полиэтилен (жылына 1,250 млн тонна), бутадиен ( 319 мың тонна), полипропилен ( 80 мың тонна) және т. б. шығаратын зауыттарды іске қосу көзделген. Бұл ретте Теңізде, Қашаған және Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жаңа перспективті жобаларды әзірлеу есебінен мұнай өндіру деңгейін арттыру жоспарланып отыр.


Сонымен қатар мұнай, газ, мұнай өнімдерінің айналымын есепке алуды, электр энергиясын өндіру мен беруді автоматтандыру, іске қосу үшін техникалық шарттарды электрондық түрде беру, тариф құруды автоматтандыру және т. б. салаларды одан әрі цифрландыру бойынша шаралар жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #Энергия #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);