AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тау бөктеріне құрылыс салуда айла-шарғының жолы ке...

Тау бөктеріне құрылыс салуда айла-шарғының жолы кесіледі

Әлеумет 09.02.2024, 05:49 1,332
Тау бөктеріне құрылыс салуда айла-шарғының жолы кесіледі
Сурет: Aлматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев Алматының тау баурайындағы аумақтардың аудит мәселесін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Медеу ауданы тұрғынының сұрағы:
-2 жыл бұрын сіз қызметке кіріскен кезде 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салу туралы заң қабылданса да, қазір тау бөктеріндегі жағдай шиеленісіп тұр. Сонымен қатар, сіздің араласуыңызбен обсерватория маңындағы жерлер демалыс аймағына ауыстырылды, бұл қауіпсіздік үшін өте маңызды. Қазір ережелердің сақталуын ешкім бақыламайды, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс салушы жерді ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) сатып алып, көппәтерлі тұрғын үй салып, айласын асырады. Барлық тау бөктеріне аудит жүргізіп, қауіпті жерлерді анықтауды өтінемін. 



Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Президенттің өңірдің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына Парламент қолдау көрсетеді, біз құрылыстағы мұндай айла-шарғының жолын кесеміз. Қаланың жоғарғы бөлігімен және тау бөктерімен байланысты қала құрылысын бақылауды басқару мәселесі шешілуде. Бұл тек қазіргі құрылыстарға ғана қатысты емес. Бас жоспар мен ЕТЖ түзету аясында осы жерлердің барлығын демалыс аймағына ауыстырдық, яғни онда құрылысқа тыйым салынады. Әрине, қазірдің өзінде көптеген меншік иесі шағым түсіретінін біліп отырмын, бәрін заң аясында жасаймыз. Ерекше бақылауға аламыз. 



Тікелей аудит жасай алмаймыз. Қазір біз тау баурайының қосымша геологиясын жүргізіп жатырмыз, Алматының айналасы бірінші және екінші типтегі сазды жер екенін білесіздер. Мұндай жерлерге құрылыс салуға болмайды, отырып кетеді. Бұған бірыңғай кәріз желісінің болмауы, тауды отырғызатын септиктер сынды экономикалық шаруашылықты қосыңыз. Құрылыстар тоқтады, мұнымен қала құрылысын бақылау басқармасы айналысады. Қазір біз сейсмо аудитті қайта қарастырамыз, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Бас жоспарға сай қауіпті аймақтар картасы бойынша тиісті ұсыныстар енгіземіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу ауданы #тау баурайы #Аудит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);