конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тасқыннан зардап шеккендерге салық төлемі шегеріле...

Тасқыннан зардап шеккендерге салық төлемі шегеріледі.

Әлеумет 18.04.2024, 05:47 889
Тасқыннан зардап шеккендерге салық төлемі шегеріледі.
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде салық міндеттемесін орындау мерзімін ұзарту туралы


Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұйрық жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енеді. Құжат төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салық міндеттемелерін орындау мерзімін ұзарту мақсатында әзірленді. Жеңілдіктерді әкімдіктердің су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізілген салық төлеушілер қолдана алады. Аталған тұлғалар үшін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін:



- төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу кейінге қалдырылды;


- 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері ауыстырылды;


- мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау тоқтатыла тұрады;


- орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау мерзімі ұзартылды.



Сондай-ақ, салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тоқтатыла тұрады, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне және талап қою мерзіміне кірмейді. Сонымен қатар зардап шеккен адамдарға қатысты жаңадан салықтық тексеруді тағайындауды тоқтата тұру көзделген. Одан бөлек, уақытылы төленбеген салықтар бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан 1 шілдеге дейін өсімпұлды есептеу тоқтатыла тұрады.


Аталған өзгерістер 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ, зардап шеккендердің тізімі әкімдіктерден алынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тасқын #салық #аймақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);