AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тарихтан сыр шертетін туынды

Тарихтан сыр шертетін туынды

Барлығы 11.07.2025, 12:58 832 Досбол АТАЖАН
Тарихтан сыр шертетін туынды
Сурет: Самат Құсайынов

Достық үйінде Ақмарал Арыстанбекованың «Facets of diplomacy» (Қазақстан дипломатиясының қырлары) атты кітабының тұсаукесері өтті.

Көрнекті қазақ дипломаты, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұңғыш тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова Қазақстан дипломатиясының тарихына қатысты жаңа кітабын таныстырды. Іс-шараға Алматыдағы БҰҰ өкілдері мен өзге мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері қатысты.

– Бұл кітап – жәй ғана оқиғалар тізбегі емес. Бұл – елдің тағдыры шешілген, күрделі де тарихи кезеңдегі Қазақстанның халықаралық байланыстарының қалыптасуы туралы жазылған көркем-деректі шежіре. Кітапта 1980 жылдардан бастап 1991 жылдың желтоқсанында Тәуелсіздік жарияланғанға дейінгі уақыт қамтылған, – деді Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші – ҚР СІМ Алматы қаласы Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбрашов.

Кітаптың бірінші бөлімі халықтық дипломатияға арналған. Мұнда автор Қазақстанның өзге елдермен достық және мәдени байланыстары жайлы бірегей құжат материалдарымен, фотосуреттерімен және естеліктерімен бөліседі. Бұл бөлімнің құндылығы – материалдардың басым бөлігі автордың жеке мұрағатынан алынған. Кітаптың екінші бөлімі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің тәуелсіздік жарияланғанға дейінгі күрделі кезеңдегі қызметіне арналған. Мұнда дипломатиялық құрылымдардың қалай қалыптасқаны, қандай қиындықтармен бетпе-бет келгені баяндалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #достық үйі #кітап #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);