AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Тарихи тұлға тағылымы

Тарихи тұлға тағылымы

Тұлға 29.01.2026, 19:52 364 Досбол Атажан
Тарихи тұлға тағылымы
Қайрат Қоныспаев

Орталық мемлекеттік архивінде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Жиынға «Халық батыры – Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбы қойылды.

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 25 желтоқсанындағы Жарлығымен Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берілуіне орай ұйымдастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, конференция мақсаты – Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды патриотизм мен отаншылдыққа тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау.

Ал ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағының берілуі — тарихи әділдіктің салтанат құруы екенін айтты.

- Бауыржан Момышұлы тек Ұлы Отан соғысының қаһарманы ғана емес, қазақ халқының рухын, ұлттық намысын, әскери арын бүкіл әлемге танытқан бірегей тұлға. Кеңес дәуірінде оның ерлігіне күмән болған жоқ. Әсіресе, 1941 жылы Мәскеуді қорғау кезіндегі жанқиярлық шайқастарда өзі бастаған батальонмен жау тылына 27 рет арнайы тапсырмаларды орындау үшін еніп, күрделі әскери операцияларды сәтті жүзеге асырды. Сондай-ақ, осы ерлігі 316-атқыштар дивизиясының 8-гвардиялық дивизияға айналуына негіз болды. Бұл ерлік архив деректерімен де толық расталды. Бірақ мінезінің тік, шыншыл, жоғары шенді қолбасшылармен және билікке жағынбайтын қайсарлығының салдарынан лайықты жоғары марапат дер кезінде берілмеді. Сондықтан Мемлекет басшысының марапаты тек жеке адамға емес, тұтас халықтың мақтанышына, адал еңбегі мен терең ерлігіне берілген әділ баға болды, - деді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар Бауыржан Момышұлының мұрасы арқылы жастарды тәрбиелеудің ғылыми, педагогикалық, әскери және әдеби мәселелері, сондай-ақ тарихи тұлғаның әскери стратегиясы мен тактикасын, соғыс психологиясы ілімін әскери оқу орындарының барлық сатысында оқыту мен оны қолдану аясын кеңейту мәселелері талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бауыржан Момышұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);