ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тарихи рекорд: Алматы хайуанаттар бағына 1 миллион...

Тарихи рекорд: Алматы хайуанаттар бағына 1 миллионнан астам адам келді

Әлеумет 04.03.2025, 15:17 785
Тарихи рекорд: Алматы хайуанаттар бағына 1 миллионнан астам адам келді
Фото: Михаил Сорокоумов
Алматы хайуанаттар бағы келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Соңғы 37 жылда алғаш рет бір жыл ішнде  келушілер саны 1 097 236 адамға жетті. Айта кетейік, қалалық хайуанаттар бағында 361...

Алматы хайуанаттар бағы келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Соңғы 37 жылда алғаш рет бір жыл ішнде  келушілер саны 1 097 236 адамға жетті. Айта кетейік, қалалық хайуанаттар бағында 361 түрге жататын 3 838 жануар бар. Олардың күтімімен 223 қызметкер айналысады ,деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылы жалпы зообаққа келген халықтың 250 мыңы тегін кірді. Бұл – 6 жасқа дейінгі балалар, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасындғы балалар (аудан әкімдіктерінің хаты бойынша), сондай-ақ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал, қалғандары билет сатып алып кірген. 

Жалпы билет бағасы да қолжетімді болып қала береді: ересектер үшін – 800 теңге, ал балалар үшін – 300 теңге. Келушілер санының жаңа рекордына хайуанаттар бағының артып келе жатқан танымалдығы себеп болған. Ол табиғатты сүйетіндер мен отбасылық демалысты қалайтын адамдар үшін тартымды орынға айналып отыр.

Айта кетейік, хайуанаттар бағын халықаралық стандартқа сәйкес жаңғырту және реконструкциялау жоспарланған. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша байқау жарияланады. Кейін кезең-кезеңімен реконструкция жұмыстары басталып, 2028 жылға дейін жалғасады.

«Келушілердің, әсіресе балалардың, қызығушылығын арттыру және танымдық деңгейін көтеру мақсатында хайуанаттар бағында әр жануар бойынша аннотациялық тақтайшалар әзірленген. Онда жануардың атауы, таралу аймағы, биологиялық ерекшеліктері мен қызықты фактілер көрсетілген. Барлық ақпарат келушілерге ыңғайлы болу үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Сонымен қатар, хайуанаттар бағында навигациялық және ақпараттық стендтер мен интерактивті элементтер орнатылған. Біз балаларға арналған түрлі үйірмелер мен зоомектеп жұмысын да ұйымдастырып келеміз», – деді хайуанаттар бағының әкімшілігі.

2023 жылы хайуанаттар бағына 954 мың, ал 2022 жылы 916 мыңнан астам адам келген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,319 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.