ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тарихи әділеттілік

Тарихи әділеттілік

Әлеумет 21.10.2023, 07:56 1,335
Тарихи әділеттілік
almaty-akshamy.kz
Еліміздегі басты ұлттық мереке – Республика күні қайта жаңғыруының рәміздік мәні әділеттілік ұстанымына үндес. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы»...

Еліміздегі басты ұлттық мереке – Республика күні қайта жаңғыруының рәміздік мәні әділеттілік ұстанымына үндес. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын.


Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жария ланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар әділеттілік ұстанымына сай анықталды. Еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. «Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам», – деген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «республика» сөзі латын тілінен аударғанда, «ортақ іс» деген мағына беретінін атап өтіп, республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылатынына тоқталды.



«Әділетті Қазақстанда экономикалық саясат азаматтардың өз қарым-қабілетін іске асыруға, отандастарымыздың тұрмыс сапасының ұдайы жақсаруына мол мүмкіндіктер мен тең жағдай жасауға бағытталады. Сондайақ, сот жүйесі мен құқық қорғау саласындағы реформалар жалғасады, заң мен тәртіп азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырудың негізгі факторына айналады. Адамдар – біздің басты байлығымыз, экономикалық және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күші. Сондықтан біз адам әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық инвестицияны ұлғайтамыз, жастарымыз бен әлеуметтік әлсіз санаттағы азаматтарымызды жан-жақты қолдай-мыз», – деген Президент ҚасымЖомарт Тоқаев саяси реформалардың басты қағидасын әділеттілік деп анықтады.



Тәуелсізіктің таңы атқан тарихи тағдырлы сәтте де әділеттілік қағидаты «Егемендік декларациясының» басты ұстанымы болғандығы сол кезеңдегі депутаттардың Қазақ КСР Жоғарғы Советінің екінші сессиясындағы қызу талқысынан көрініс тапқан. Ұлт мүддесін көздеген мемлекетшіл тұлғалар маңызды құжаттың қабылдануы үшін және әділеттілік қағидатына с ай құрылуы үшін биік мінберлерде сөз сөйлеп, тер төкті. Қарсылықтар мен бұрмалаушылықтарға төтеп беріп, Тәуелсіздіктің алғашқы іргетасын қалап берді. Сондықтан да бұл маңызды датаның ел жадындағы мәні зор. Мерекені атап өтумен қатар, оның рәміздік мәні мен мазмұнын ашып, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына күш жұмсау маңызды. Осы егемендіктің өзекті қағидаты, әділеттілік ұстанымының басты құндылығы Абайдың рухани мұраларында таңбаланғанын аңғарамыз.


Абай үшін әділет – қайрат пен ақылды жүрекке билетіп әрекет жасағанда қол жеткізерлік нәтиже. Демек, әділет – Хақтықтың жолын ниет қылған, жүрегіне Хаққа деген махаббатты орнықтырған, Оның махаббатпен жаратқан халқын сүйген нағыз ердің мұрат қылған асыл қасиеті. Әділет нағыз ерге – «толық адамға» тән қасиет ретінде адам бойында қайрат, ақыл және жүректің үйлесімді қызметі арқылы рәуіштенбек. Ақыл мен қайрат және жүрек үштігін үнемі бірі-бірімен ұштастықта, үйлесімде тарқатып айту Абайдың бүкіл этикалық-дидактикалық ғибратынан көрініс береді. Басты ұлттық идеямыз – еліміздің егемендігін сақтап, нығайту болғандықтан, егемендіктің ең алғашқы құқықтықзаңнамалық негізін қалаған және бүгінгі саяси дамуымыздың өзегін құраған құжаттың уақыт өткен сайын өзектілігі арта түсуі, сондай-ақ осы тарихи датаның ұлттық мереке ретінде анықталуы – тарихи әділеттілікке сай заңды құбылыс.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.