Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш орнатылады

Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш орнатылады

Әлеумет 07.07.2022, 08:44 1,087
Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш орнатылады
Сурет: Inform.kz

Биыл Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр.

Биыл Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр.


Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттары жолдаған сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.



«Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толып отыр. Жазушының ел мүддесі үшін атқарған еңбегі мемлекет тарапынан жоғары құрметке лайық. Бұл ретте қолданыстағы «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Үкімет қаулысына сәйкес жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта – жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтедi. Осы орайда Ш.Мұртазаның мерейтойы заңнамаға сәйкес мерзім толған кезде мерейтойлар тізбесіне енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілетін болады», - деп атап өтті Үкімет басшысы Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында.



Дегенмен, оның дерегінше, бүгінгі күні тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда Ш.Мұртазаның есімі Жамбыл мен Түркістан облыстарында 6 объектіге (білім беру, мәдениет мекемелері), Ақтөбе облысы мен Алматы қаласында көшелерге берілген. Ал Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің біріне Ш.Мұртазаның есімін беру туралы ұсыныс осы 15 маусымда өткен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты көпшілік тыңдауларында қолдау тауып, бұдан әрі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.



«Ал білім мекемелерінің біріне жазушы есімін беру ұсынысы алдағы уақытта өтетін қалалық ономастика комиссиясының отырысына енгізіледі. Сондай-ақ туған жері Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Талапты ауылында Шерхан Мұртаза әдеби-мемориалдық үйінің ашылуы, «Ауылды, сені сағындым...» атты Ш.Мұртазаның қолжазбалары жинағының тұсаукесері, республикалық ғылыми-практикалық конференция, «Шерхан оқулары» байқауы, облыстық ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, салтанатты жиындар, «Шынның жүзі - Шераға» республикалық ақындар мүшәйрасын және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ұлттық кітапханаларда тұлғаның кітап көрмесі мен дөңгелек үстел, Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.



Премьер-Министрдің атап өтуінше, бүгінгі күні Тараз қаласында Ш.Мұртазаға арнап орнатылатын ескерткіштің эскиз жобалары Жамбыл облысы зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы комиссияда сараланды. Алдағы уақытта жобалар Қазақстан Республикасының Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына жолданып, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті жұмыс жүргізіледі. Деректі фильм түсіру туралы шешім «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес уәкілетті орган - Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылданады.



«Аталған мәселе бойынша киножобалардың авторлары тарапынан ашық конкурс арқылы ұсыныс берілген жағдайда, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы белгіленген тәртіпке сәйкес кеңес пен комиссияның қарауына жинақтап енгізеді. Әрі қарай мәселе заңнама аясында қарастырылады. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдарға Ш.Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және тиісті жұмысты ұйымдастыру тапсырылды», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жазушы #Мерейтой #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

-colors"> ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады 20:39

-colors"> Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды 19:17

-colors"> Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді 17:40

-colors"> Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады 17:23

-colors"> Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.