Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Таразда жоғалған үш бала табылды

Таразда жоғалған үш бала табылды

Әлеумет 04.07.2023, 09:37 1,088
Таразда жоғалған үш бала табылды
almaty-akshamy.kz

Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында Таразда хабар-ошарсыз кеткен үш бала аман-есен табылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


3 шілде сағат 3:30 шамасында Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің кезекшісіне полиция департаментінен екі ұл мен бір қыз баланың үйден шығып, оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. 5 пен 9 жас аралығындағы балалар түстен кейін үйден шығып кеткен. Оларға баскөз болып қалған 14 жасар ағасы бұл сәтті байқамай қалған. Белгілі болғандай, балалардың анасы оларды жалғыз бағып-қағады. Бірақ ол сол сәтте ауруханада болған. Үлкен ағасы оларды түстен кейін өз бетінше іздей бастаған. Таба алмаған соң полицияға хабар берген.


Іздеу шараларына 500-ге жуық полиция қызметкерлері және  Ұлттық ұланның 100 әскери қызметшісі қатысты. Іздеу топтарының бірі "Қаратау" шағын ауданында жоғалған балаларды байқаған куәгерден ақпарат алды. Белгіленген жерде ефрейтор Жандос Ілиясов "Дак" есімді қызметтік итімен іздестіру жұмыстарына атсалысты.



- "Дак" бірден "Жәнібек-Керей" саябағына апарды. Саябақты тінту кезінде біз орындықтардың бірінде ұйықтап жатқан балаларды таптық. Балалар үйден тыс жерде ойнап жүріп, адасып кеткен. Шаршаған соң маңайдағы орындықтардың бірінде ұйықтап қалған. Абырой болғанда, ауа райы да қолайлы болды. Табылған балалар отбасына табысталды, - деді іздеу шараларына қатысқан ефрейтор Ж. Ілиясов.



Балалардың анасы, туыстары мен көршілері барлық полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне сәбилерді іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.


 


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #Ұлан #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.