ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тараз шаһардан...

Тараз шаһардан...

Заң мен тəртіп 01.11.2023, 12:12 899
Тараз шаһардан...
Сурет: интернеттен
Алматыға «келе жатқан» есірткінің жолы кесілді.

Алматыға «келе жатқан» есірткінің жолы кесілді.


Жамбыл облысының тұрғыны кептірілген марихуананы көлікпен Алматыға жеткізбек болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жедел ақпаратты іске асыру барысында Шу ауданының құмды аймағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.


Жедел-іздестіру шаралары есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД қызметкерлерімен бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту кезінде ұсталған адамның күртесінің қалтасынан өсімдік тектес заттары бар полиэтилен пакет табылды.


Сондай-ақ аумақты тексеру барысында жаңадан орылған өсімдіктердің үйіндісі мен күдікті сол күні жергілікті базардан сатып алған орақ табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған заттар – жалпы салмағы 66 келі 400 грамм кептірілген марихуана және жалпы салмағы 1 грамм 65 млгр гашиш есірткі заттары болды. Ұсталған азаматтың айтуынша, сол күні күдік тудырмас үшін және діттеген жеріне көзге түспей жету үшін туыстарынан жылқы сұраған. Ол есірткіні құмды аумаққа жасырып, бірнеше күннен кейін көлікпен Алматы қаласына алып кетуді жоспарлаған.



«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.