AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Танымал саяхатшы Ернар Алмабек ең көне "тоғызқұмал...

Танымал саяхатшы Ернар Алмабек ең көне "тоғызқұмалақ тасын" көрсетті

Мұны білген жөн 21.11.2025, 10:01 495 Сұлу
Танымал саяхатшы Ернар Алмабек ең көне "тоғызқұмалақ тасын" көрсетті
Видео кадры

Жамбыл облысының бір қиырында тасқа қашалған тоғызқұмалақ тақтасы табылды. Бұл - ұлттық ойынның тамыры тереңде жатқанынның тағы бір дәлелдеді. Танымал саяхатшы, “Sayahat Time” жобасының авторы Ернар Алмабек осы көне жәдігерді көрсетті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Саяхатшы тасты жапан далада жүріп кезіктіргенін айтты. 

"Отаулары, қазандығы - бәрі бар. Бұл үлкен таста тоғызқұмалақ ойнайтын екі жер ойылып жасалған. Тастың қашан қашалғаны белгісіз, бірақ Түрік қағанаты кезеңіне жатады деген болжам бар", - дейді ол. 

Саяхатшының айтуынша, видеодағы тас Қарахан кесенесінің қасында орналасқан. 

"Тасты өз көзіммен көріп, қатты әсерлендім. Бұл жер бір кездері қайнап жатқан тіршіліктің ортасы болса керек. Бірақ қазір айналада ештеңе жоқ. Көнеден естелік боп тас қана қалған", - дейді Ернар Алмабек. 

Айта кетейік, ойын шамамен 4000 жыл бұрын пайда болған. Ғалым Мұратқан Тәнекеевтің айтуынша, 1906 жылы орыс этнографы Николай Пантусов алғаш рет тоғызқұмалаққа теориялық жағынан сараптама жасап, оның ережесін бекіткен. Осы сараптамаға сүйене отырып, 1936 жылы ғалым Сәрсен Аманжолов қазір ойналып жүрген ойын ережесін толықтырған. 

Қарсылас екі ойыншыда 18 отауда 9 тастан, 162 тас болады. Ойын барысында әр ойыншы "тұздық" ала отырып, өз тасын 82 тастан асыруға ұмтылады. Ол үшін математикалық қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарын ойша әрі жылдам қолданады. Осылайша, бұл ақыл-ойды дамытатын, интелектуалдық, зияткерлік ойын ретінде қалыптасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тоғызқұмалақ #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);