AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Танымал актер Ұлттық ұланның құрметіне ие болды

Танымал актер Ұлттық ұланның құрметіне ие болды

Барлығы 24.10.2025, 14:52 725 Сұлу
Танымал актер Ұлттық ұланның құрметіне ие болды
Алматының Ұлттық ұланы

Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған белгілі актер, "Шестой пост" фильмінде басты рөлді сомдаған Сануржан Сүлейменов те шақырылыпты.

Салтанатты іс-шара барысында бұл мереке – ел тәуелсіздігі мен мемлекеттіліктің қалыптасу жолындағы халықтың бірлігі мен ынтымағын паш ететін маңызды күн екені атап өтілді.

– Республика күні – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқан тарихи сәтін айшықтайтын ерекше мереке. Әскери қызметшілердің міндеті – осы тәуелсіздіктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі болу. Біз осы борышымызды абыроймен атқаруға әрқашан дайынбыз, – деді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әміреев.

Мереке аясында қызметтік борышын адал атқарып жүрген әскери қызметшілер мен қолбасшылықтың қонақтары марапатталды. Соның ішінде актер Сануржан Сүлейменов те ҚР ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төс белгісімен марапатталды. Өнер иесі өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, "Шестой пост" фильмінің түсірілімі кезінде әскери өмірдің жауапкершілігі мен ерліктің мәнін терең түсінгенін тілге тиек етті.

– Әскерилердің еңбегі – көрінбей жасалатын, бірақ елдің тыныштығы үшін шешуші рөл атқаратын қызмет. Сол еңбекті бағалау – әр азаматтың борышы. Ел тыныштығын сақтап жүрген әр сарбазға алғыс шексіз, – деді С.Сүлейменов.

Салтанатты іс-шара барысында Республика күніне арналған деректі фильм көрсетілді. Онда ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы және қазақ әскерінің даму тарихы баяндалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #актер #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);