AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Tanda.Enbek.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жанд...

Tanda.Enbek.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды

Әлеумет 18.10.2024, 11:39 878 dulatbekova
Tanda.Enbek.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды
Сурет: Gov.kz

Tanda Enbek платформасында «IteachMe» қоғамдық қорымен бірлесіп «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ  ұйымдастырған мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жәрмеңкеге қатысуға түрлі өңірлерден 64 жұмыс беруші өтінім берді, олар порталда 498 бос жұмыс орнын, өз кәсіпорындары туралы ақпаратты, сондай-ақ кандидаттарды іздейтін мамандықтарды орналастырды.

Онлайн-бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында өздеріне жұмыскерлер табуға шешім қабылдаған жұмыс берушілердің арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (металлургия), «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (электр энергиясын өндіру), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы қалалық филиалы (қаржы-банк қызметі), «ЭЙКОС» ЖШС (автомобиль шиналарын, дискілерді және ілеспе аксессуарларды сату) және тағы басқалар.

Онлайн жәрмеңке 18 қазан күні сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Оған қатысу үшін өтініш берушілер жәрмеңке бетіне https://tanda.enbek.kz/ru/fairs/74 сілтеме арқылы кіріп, тіркеуден өтіп, жеке кабинетте өзекті түйіндеме дайындау қажет.

«Бос орындар жәрмеңкесінің бұл форматы екі жаққа да өте ыңғайлы. Жұмыс іздеушілер қол жетімді бос жұмыс орындарын тез көре алады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жібере алады, бірден бірнеше ұйымдардағы жұмыс жағдайларын бағалай алады, HR-менеджерлермен сөйлесе алады, белгілі бір лауазымға қажетті біліктілік дағдыларын анықтай алады және сұхбаттасуға шақырулар ала алады. Жұмыс берушілерге онлайн-жәрмеңкеге қатысу сонымен қатар бірнеше үміткердің кандидатураларын қарауға, өзін және қажеттіліктерін жариялауға, өз қызметінің маңызды аспектілерін түсіндіруге және ең қолайлы үміткерлердің жеке базасын құруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті ЕРДО президенті Дәулет Арғындықов.

Естеріңізге сала кетейік, Tanda Enbek платформасы іске қосылған сәттен бастап барлығы 54 онлайн-бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #онлайн жәрмеңке #жұмыс #мүмкіндігі шектеулі жандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);