AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тамызда Алматыда Қала құрылысы кеңесінің жұмысы ба...

Тамызда Алматыда Қала құрылысы кеңесінің жұмысы басталады

Әлеумет 28.07.2022, 09:22 1,387
Тамызда Алматыда Қала құрылысы кеңесінің жұмысы басталады
Сурет: Forumhouse.ru

Алматының әкімі сондай кеңес құрды.


Алматы қаласының сәулет-құрылыс саласындағы олқылықтарын әкімдік жанынан құрылған кеңес арқылы реттеу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  


Бұл туралы Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.


Тәуелсіздіктің 30 жылында елде архитекторлардың мәртебесі сын көтермейтіндей деңгейге түсіп кеткенін мәселе етіп көтерген одақ басшысы салада қордаланған мәселелердің бәрін тізіп, Президентке жүгінгендерін еске салды.



«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына жазған хатымда мен сәулет саласындағы мәселелерді көтере отырып, Алматы қаласын мысалға келтірдім. Оңтүстік астанамыз – көп адам үшін сүйікті қала. Қазір «нүктелі құрылыс», «нығыздаушы құрылыс» деп атап жүрген жобалар Алматының ең басты проблемасы – сейсмиканы ескермей іске асырылып келді. Көп қабатты үйлердің, шектен тыс биік үйлердің көптеп салынуы архитекторларды ғана емес, осы бассыздықтардың арасында тіршілік кешіп жатқан қаланың қарапайым тұрғындарын да алаңдатып отыр», - деді Серік Сұлтанғали.



Сондай-ақ, ол құрылыстың сауатты жоспарланбауы салдарынан Алматының инфрақұрылымына да зиян келгенін атап өтті.



 «Нығыздаушы құрылыс» желеуімен скверлер, тұрақтар сүріліп кетті. Әрине, дәл қазір ол іс тәртіпке келіңкірей бастады. Неге бұлай болып келді? Өйткені, ең басты құрал – әкімдік жанынан жұмыс істейтін қала құрылысының кеңесі болған жоқ. Алматының әкімі сондай кеңесті құрды. 1 тамыздан бастап сол кеңес жұмыс істей бастайды», - деді одақ төрағасы.



Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік құрылысын жоспарлау ережесі бекітілген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);