Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларациян...

Тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларацияның күші жойылды

Әлеумет 23.01.2024, 08:34 1,061
Тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларацияның күші жойылды
Сурет: ашық дереккөз

Сапасыз және қауіпті өнімді анықтау мақсатында Министрлікте 2023 жылдың сәуір айынан бастап ахуалдық (Ситуациялық) штаб жұмыс істейді.


Барлық өңірлерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдар Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесіп импорттық сүт өнімдерін, құс еті, шұжық өнімдерін, ірімшікті, сары май мен күнбағыс майын іріктеп, сараптамаға ұсынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша өнімнің 200-ден астам түрі (сүт, кілегей, айран, сары май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік, құс еті, балық еті, шұжық өнімдері) зерттелді.


Оның ішінде 40 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, біз өнімнің мәлімделген сипаттамалары мен құрамының санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға,  сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі (мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы, май - қышқыл құрамының сәйкес келмеуі, бактериялардың табылуы) сияқты бұзушылықтар туралы айтып отырмыз.


Нәтижесінде, тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 83 декларацияның күші жойылды.


Осы ретте, ағымдағы жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен тығыз өзара іс-қимылда сапасыз және қауіпті өнімді анықтаудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдай отырып, Ахуалдық штабтың жұмысын күшейтуді қажет етеді.


Өз кезегінде, өткен жылдың соңында ішкі нарықтың және отандық өндірушілердің, тұтынушылардың, құқықтарын қорғауға бағытталған "Сапалы өнім" әлеуметтік жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.


"Сапалы өнім" жобасын іске асыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қоғамдық бақылау құралы арқылы жүзеге асырылатын болады.


Жол картасымен келесі  жұмыстарды жүргізу көзделеді:



- сапалы отандық имиджді қалыптастыру және тану мақсатында "Сапалы Өнім" халықтық сапа белгісін бекіту.


- бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық жобаның нәтижелері мен іске асырылу барысы туралы халықты кеңінен хабардар ету.



Нәтижесінде бұл жоба танымал және барлық жерде тұтынылатын отандық брендке айналуы керек.


Сонымен қатар, 2024 жылға жалпы сомасы  200,0 млн.теңгеге техникалық ерекшеліктер әзірленді,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру барысында бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижелері туралы халықты хабардар ету көзделеді.


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру Қазақстанның барлық 20 өңірінде жүзеге асырылатын болады. Конкурсты өткізу ағымдағы жылдың 1-тоқсанына жоспарланған.


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша үкіметтік емес секторды тарту бойынша осындай жұмыс оларға мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша жүргізілетін болады.


Мәдениет және ақпарат министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі Комитеттің 197,5 млн.теңге сомасына өтінімін қарады.


Отырыс қорытындысы бойынша 2024 жылға арналған тұтынушыларды қорғау бойынша мемлекеттік гранттардың келесі бағыттары бірауыздан мақұлданды:



- кеңес беруді және сотқа дейінгі реттеуді көздейтін тұтынушылардың құқықтарын қорғау;


- қоғамдық бақылау жүргізу кезінде тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама сатып алу және жүргізу.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамақ #Сапасыз #ахуалдық штаб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.