конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Талғат Ешенқұлов ҚР ғылым және жоғары білім вице-м...

Талғат Ешенқұлов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Білім және ғылым 16.08.2022, 07:10 1,441
Талғат Ешенқұлов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып  тағайындалды
Сурет:Рrimeminister.kz

Ол бұған дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып жұмыс істеді.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында туған. 


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінде магистратурада, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыған.


Еңбек жолын 1997 жылы аға бухгалтер қызметінен бастаған.


2000-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облысының Әділет басқармасында және Әділет департаментінде жұмыс істеді.


2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарды.


2011-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.


2016-2018 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 


2018 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.


2018-2020 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы, ҚР білім және ғылым вице-министрі.


2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.


2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып жұмыс істеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министрлік #білім #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);