ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойы аталуда

Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойы аталуда

Өмір-өзен 05.08.2022, 11:48 2,388
Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойы аталуда
Сурет: Еgemen.kz
Ақтөбе қаласының Әскери даңқ мұражайында экспозиция ашылды.

Ақтөбе қаласының Әскери даңқ мұражайында экспозиция ашылды.


Қарулы Күштерде аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы, Ұлы Отан соғысының даңқты ардагері, авиация генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың бюсттеріне, ескерткіштеріне және жерленген жеріне гүл шоқтары қойылып, салтанатты рәсімдер өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сүйеніп.


Нұр-Сұлтанда өткен жылы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің қолбасшылары, ардагерлер, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 


Қорғаныс ведомствосының басшысы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің ерлік жолы, оның Қазақстанның азаматтық және әскери авиациясын дамытуға, елдің мәдени нысандары мен индустриялық инфрақұрылымын салуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.



«Авиация генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің өмір жолы – ХХ ғасырдағы сұрапыл соғыстың ошағынан өткен батырлықтың, қажымас қайраттың, табандылықтың айқын үлгісі. Біз, батырдың ізін басып келе жатқан ұрпақ және жас буын қазақ халқының батыр ұлының жанқиярлығын мақтан етіп, ерлігін жадымызда мәңгі сақтаймыз», – деп атап өтті Қорғаныс министрі.



Осы күні Ақтөбе қаласының Әуе қорғанысы күштері әскери институтындағы Әскери даңқ мұражайында экспозиция ашылды. Онда Бигелдиновтар отбасының жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер, батыр өмірінің кей сәттерінен естелік-жәдігерлер қойылған.


Әуе қорғанысы күштері әскери институты басшылығының айтуынша, мұражай ақтөбеліктерді және Орталық Азиядағы жалғыз әскери ұшқыштар дайындайтын институттың курсанттарын тәрбиелеуге ықпал етеді.


Ғасырлық мерейтойға орай Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Қарулы Күштердің Орталық әскери-тарихи музейіне елордада орнатылған Талғат Бигелдинов ескерткішінің шағын көшірмесін тапсырды. Салмағы 25 келіден асатын жарты метрлік мүсін қоладан құйылғанын айта кеткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.