AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет...

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үлес қосқан журналистер марапатталды

Әлеумет 19.12.2024, 16:13 839 Nursok82
Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үлес қосқан журналистер марапатталды
видеодан алынды
 

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосқан журналистер марапатталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz. Қоғам дертінің алдын алу тақырыбына қалам тербеген тілшілердің үздік мақалалары мен бейнемазмұндары сарапқа түсіп, жеңімпаздарға сый-құрмет көрсетілді. Байқауды ұйымдастыруға Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жетісу жастар конгресі» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Байқауға биыл 20 шақты материал ұсынылып, олардың ішінен әділ-қазылар алқасы алтауын марапатқа лайық деп таныды. Әр жыл сайын өтетін облыстық байқауға журналистер, блогерлер мен медиа қызметкерлер белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мәселелерін көтерді.

  • Алмат Есембеков, Алакөл аудандық газетінің бас редакторы, «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» атты мақаласымен «Интернет-ресурстағы үздік мақала» аталымын жеңіп алды. Ол өзінің мақаласында халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ынталандыру мен бағыттаудың маңыздылығын атап өтті.

  • Мұхтар Күмісбек, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, байқаудың «Ең үздік мақала» номинациясында жеңіске жетті.

  • Мұрат Жұмабай, «Жетісу» телерадиокомпаниясының редакторы, «Үздік бейнеролик» аталымының иегері болды.

  • Қуаныш Қанатұлы, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі, «Әлеуметтік желілерді қамту» бойынша марапатталды.

  • Гүлжан Тұрсынова, «Jetisu» газетінің тілшісі, «Үздік журналистік зерттеу» аталымына ие болды.

Салтанатты жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күреске үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлер де ерекше құрметке бөленді.

Бұл байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын халыққа түсіндіру, журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілуде. Журналистердің ауқымды әрі маңызды мәселелерді көтеруі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға септігін тигізеді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);