Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Талдықорғанда келесі жылы желтоқсандықтарға арналғ...

Талдықорғанда келесі жылы желтоқсандықтарға арналған монумент орнатылады

Әлеумет 15.12.2022, 16:21 1,223
Талдықорғанда келесі жылы желтоқсандықтарға арналған монумент орнатылады
Сурет: Әкімдік

Желтоқсан оқиғасына объективті баға беретін деректі фильм түсіру керек


Оның эскизін әзірлеуге желтоқсандықтардың өздері қатысады, ал қажетті қаржылай қолдау облыс әкімдігі тарапынан көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен өткізген дәстүрлі кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Кездесуге 29 желтоқсандық келді, жалпы, өңірде аталмыш оқиғаға қатысқан 74 азамат тұрады.


Бейбіт Исабаев жиналғандармен әңгімелесіп, өзінің журналистік қызметте болған сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті.  


Кездесуге қатысушылар атынан «Жетісулық желтоқсандықтар» облыстық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ермұхан Жүнісхан, желтоқсан оқиғасына қатысушылар Бағдат Айтмұқаева, Толқын Мұсаханқызы және басқа да азаматтар сөз алды.


Бейбіт Исабаев желтоқсандықтармен басқосуды бұдан былай жиі өткізіп тұратынын айтып, осы санаттағы азаматтарға қажетті қолдаулар көрсету туралы тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Енді Жетісудағы желтоқсандықтарға медициналық қызмет көрсетуде жеңілдіктер қарастырылады. Олар келесі жылдан бастап санаторлық-курорттық ем қызметін жылына бір рет тегін пайдалана алады. Жылына бір рет берілетін материалдық көмек сомасы 50 мың теңгеге ұлғайтылып, биылдан бастап оның сомасы 200 мың теңгеге жеткізілетін болды. Сондай-ақ облыс әкімі Талдықорғанда жетісулық желтоқсандықтардың аты-жөні жазылған монумент тұрғызу, олар туралы естеліктер кітабын шығару туралы ұсынысын айтты.



- Сіздермен Тәуелсіздік күні қарсаңында ғана емес, жылдың басында да кездесу өткізсек, жыл бойы бірлесіп қандай іс-шаралар атқаратынымызды ақылдасып жоспарлағанға тиімді болар еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек», - деген болатын. Талдықорғанда монументті «Жастар» саябағына қоюға болады, бірақ орны туралы әлі де ақылдасайық. Желтоқсан оқиғасына объективті баға беретін деректі фильм түсіру керек, кітап шығару керек деп есептеймін, - деді Б.Исабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан #монумент #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.