Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Талдықорған полициясының бастығы зорлаған әйел қам...

Талдықорған полициясының бастығы зорлаған әйел қамауға алынды

Әлеумет 02.10.2024, 16:12 1,334
Талдықорған полициясының бастығы зорлаған әйел қамауға алынды
Сурет: Inform.kz

Талдықорған қаласының бұрынғы полиция бастығы Марат Күштібаевтан зорлық көрген жәбірленуші үйқамаққа алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді - тергеу ол Күштібаевтың әйелінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін айтады, ол өз кезегінде жалған куәлік беру үшін пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл іс бойынша жәбірленушінің жігіті, бұрынғы полиция қызметкері (қазір уақытша ұстау изоляторында), сондай-ақ Талдықорған қалалық сотының хатшысы да күдіктілер қатарында. Соңғысы ақша бергенін мойындаса да, алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасалған алаяқтықты жоққа шығарады.

Еске сала кетейік, Талдықорған қаласының полиция бастығы Марат Күштібаевты зорлау қылмысы үшін 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Даулы оқиға өткен жылдың қараша айында орын алды. Бұрынғы лауазымды полицей қызды қызметтік кабинетінде зорлаған. Жәбірленуші 27 жастағы Талдықорған тұрғыны. Оны тыныштықты бұзғаны үшін полиция басқармасына алып келген. Бастық қызды көріп, оны кабинетіне әкелуді бұйырған. Сол жерде ол қызға интимдік байланыс ұсынған, ал бас тартқан соң оны күштеп зорлаған.

Сот үкімінен кейін Күштібаевтың жұбайы, тергеу мәліметі бойынша, жәбірленушіні сатып алуға тырысып, соттағы куәлікті өзгерту үшін 40 миллион теңге ұсынған. Адвокат пен сот хатшысы жәбірленушіге қысым көрсетіп, зорлауды мойындамай, тек мәжбүрлі қатынас деп көрсетуін сұраған. Бұл Күштібаевқа жеңіл жаза тағайындауға себеп болар еді — айыппұл немесе жарты жылға қамау. 

Жәбірленуші өз мәлімдемесін өзгертетінін айтып, қомақты ақшаны сот үкімінен екі апта бұрын алған. Бірақ шешуші күні ол өз сөзін өзгерткен жоқ. Ақшаны қайтарамын деп уәде еткен соң, жоғалып кеткен. Содан кейін Күштібаевтың туыстары сот хатшысынан 40 миллион теңгені қайтаруды талап етіп, арыз түсіреміз деп қорқытқан. Хатшы ақшаны қайтара алмаған соң, экс-бастықтың жұбайы полицияға жүгінді. Полиция алаяқтық фактісі бойынша тергеу бастады. Бұл ретте Күштібаевтың жұбайы тергеуге көмек көрсеткендіктен тек куәгер ретінде қатысып отыр

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күштібаев #сот #зорлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.