Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Талай жылдан бері қордаланған су тапшылығы мәселес...

Талай жылдан бері қордаланған су тапшылығы мәселесі шешілді

Әлеумет 22.08.2024, 10:14 1,141
Талай жылдан бері қордаланған су тапшылығы мәселесі шешілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімінің тапсырмасымен Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі талай жылдан бері қордаланған су тапшылығы мәселесі шешілді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында сапалы сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл жазда «Балқаш» таза су резервуары пайдалануға беріліп, «Каменск үстірті» шағын ауданындағы талай жылдан бері қордаланған су тапшылығы мәселесі шешілді. 2023 жылдың мамыр айында басталған ауқымды жоба аясында 7,3 мың текше метр суға арналған 7 резервуар салынды, 3 резервуар жаңартылды және тәулігіне 15,7 мың текше метр су өткізу қабілеті бар 3 жаңа ұңғыма салынды, тәулігіне 22 мың текше метр су өткізуге арналған 12 сорғы орнатылды.

Сонымен қатар, биыл шілде айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен тәулігіне 32 мың текше метр су беруге арналған резервтік су беру жүйесі пайдалануға берілді. Негізгі су көздері - Талғар жер асты суларының кен орындарынан су каскадты әдіспен жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде «Самал», «Көктөбе» және «Горный гигант» шағын аудандарының бір бөлігінің 50 мың тұрғыны сумен тұрақты қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қала басшысы атап өткендей, тұрғындар санының өсуіне байланысты, соның ішінде «Думан» шағын ауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын өзекті болып отыр. Жаз мезгілінде қолданыстағы резервуарлардың өткізу қабілеті ауыз суға деген қажеттілікті өтей алмай, тәулігіне 2,2 мың текше метр су тапшылығына әкелді.

Бұл мәселені шешу үшін төрт жаңа резервуар, 3,5 км су құбырының құрылысы және екі сорғы станциясын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталады.

  • 2024 жылдың соңына дейін «Кеңсай», «Компот», «Думан» және «Көлсай» шағын аудандарында 65 км су және кәріз желілерінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, «Мұзтау» және «Сұлусай» шағын аудандарында 19,5 км сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде, оны 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау көзделген.
  • 2024 жылдың наурыз айында «Атырау», «Алатау» және «Малая Станица» шағын аудандары бойынша 37 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуға мемлекеттік сараптама алынды. Жұмыстар 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталады.

Сондай-ақ, «Аскартау», «Юбилейный», «Каменск үстірті» және «Таулы қырат» шағын аудандарында 127 км желі салуға құжаттама әзірленуде, сараптама 2024 жылдың төртінші тоқсанында шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #Медеу #Ауызсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.