конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Тәжікстан хиджаб пен сатрға тыйым салды

Тәжікстан хиджаб пен сатрға тыйым салды

Әлем 27.05.2024, 13:33 1,070
Тәжікстан хиджаб пен сатрға тыйым салды
Сурет: Golosislama.com

Түзетулер әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тәжікстан парламенті «Тәжікстан Республикасындағы салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға түзетулер енгізіп, «ұлттық мәдениетке қайшы» деп аталатын киімдерді киюге тыйым салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алайда бұл киім үлгісі заңда тікелей аталмаған, бірақ, сарапшылардың пікірінше, Тәжікстан билігінің онымен күресудегі көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, ең алдымен, әйелдердің мұсылмандық киімдері туралы айтып отыр. Оның үстіне хиджабқа ғана емес, сатрға да тыйым салынған.

Заңға сәйкес, қазір Тәжікстанда мұндай киімді елге әкелуге, оны сатуға және қоғамдық орындарда киюге ресми түрде тыйым салынған - бұл айыппұлға әкеп соғады. Бұл тыйымды бұзған тұлғаларға 7920 сомони немесе қазіргі бағам бойынша 733 доллар айыппұл салынуы мүмкін, ал шенеуніктерге 39600 сомони немесе 3668 доллар көлемінде айыппұл салынады.

Түзетулерді парламент қоғамдық талқылауға ұсынбай қабылдағанын атап өткен жөн.

Түзетулер әлі заңды күшіне енген жоқ, бірақ заң қабылданғаннан кейін бірден Тәжікстандағы әлеуметтік желілерде видео тарай бастады: суретке қарағанда, ол медициналық мекемелердің бірінің кіреберісінде түсірілген. Видеода мекеме қызметкері әйелдерді сатр – мұсылман әйел бас киімі үшін 3,5 мың сомони айыппұл саламыз деп қорқытады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хиджап #сатр #тәжікстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);