AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Таиландта туристер Зика вирусын жұқтырды

Таиландта туристер Зика вирусын жұқтырды

Әлем 07.03.2023, 03:31 1,135 Almaty-akshamy
Таиландта туристер Зика вирусын жұқтырды
Сурет: Ашық дереккөз

Зика вирусын жұқтырған кезде оның белгілері бірден байқалмайды


Таиландта демалған мажарлық екі туристі тропикалық маса шағып, Зика вирусын жұқтырған. Бұл туралы Будапешт ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, қуанышқа орай, Таиландтан келген туристерден тек жеңіл белгілері анықталған.



«Зикаға қарсы вакцина немесе ем болмағандықтан, тропикалық және субтропикалық аймақтарға сапарлау кезінде вирусты тарататын масалардың шағуынан қорғану өте маңызды», - деді Мажарстанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.



Туристерге әрдайым өздерімен бірге жәндіктерге қарсы құралдарды алып жүруге, москит торларын қолдануға, сондай-ақ аяқтарын толығымен жабатын ұзын жеңді футболкалар мен шалбар киюге кеңес берілді.


Медициналық мәліметтерге сәйкес, Зика вирусын жұқтырған кезде оның белгілері бірден байқалмайды және тек кейбір жұқтырғандар 3-14 күндік инкубациялық кезеңнен кейін жеңіл белгілерді көрсетеді. Бұл қызба немесе дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, бөртпе, буын ауруы, конъюнктивит болуы мүмкін.



«Жүкті әйелдер жұқтырған кезде ұрықта туа біткен жүйке дамуының ауытқуы пайда болуы мүмкін, сондықтан болашақ аналар тропикалық елдерге барған кезде денсаулығын мұқият қадағалап отыруы керек», - дейді мамандар.



Зика вирусы – Африканың, Американың, Азияның және Тынық мұхитының тропикалық және субтропикалық аймақтарында кездесетін қоздырғыш, ол негізінен масалардың шағуы арқылы таралады, бірақ инфекция жыныстық жолмен немесе жүкті анадан ұрыққа да берілуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таиланд #зика #Вирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);