AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болған а...

Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болған азаматтарға қатысты СІМ жұмыс істеп жатыр

Әлеумет 16.01.2023, 10:43 1,455
Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болған азаматтарға қатысты СІМ жұмыс істеп жатыр
Сурет: Abai.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болған азаматтарға қатысты жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 




 «Ол азаматтар бойынша қазір жұмысты жалғастырудамыз. Тайланд, Мьянма елдерінің Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерімен байланыстамыз. Осындай жағдайға жарты жыл бұрын бір азаматшамыз тап болған. Өздеріңіз білетіндей, бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі. Бұл «Алтын үшбұрыш» деп аталатын жер. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ, өздерімен-өздері, кішігірім ғана ел», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.



Айтуынша, тексерілмеген ақпараттарға сәйкес, «Алтын үшбұрышта» еліміздің тағы бірнеше азаматы тұтқында болуы мүмкін. Ал әзірге екі азаматтан ғана ресми өтініш келіп түскен. 



«Көп азамат сол жерге барған соң қалып қойып жатыр. Өйткені ақшалары жоқ, сондықтан жұмыс істеуге мәжбүр. Қазір біздің азаматтар сол жерде. Екі азамат бізге өтініш білдірді. Тексерілмеген ақпараттарға сүйенсек, тағы басқа азаматтар бар деп естіп жатырмыз. Оларға айтарымыз, бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, аты-жөндерін нақты атап, өздері туралы мәлімет берсін, қорықпасын», - деді Айбек Смадияров. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #құлдыққа тап болғандар #қазақстандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);